Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - 10 көлеміндегі сандарды қайталау

07 қаңтар 2023, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: 1 - 10 көлеміндегі сандарды қайталау
Мақсаты: 1. Оқушыларға 1 - 10 дейінгі сандарды тура және кері санау, сандар құрамын анықтауды пысықтау.
2. Дүниетанымдарын кеңейту, және пәнге деген қызығушылықтарын ары қарай дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертеңгілік әлеміне бет алу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, магнитті тақта, сандар, қосуға, азайтуға,
салыстыруға мысалдар жазылған плакаттар.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту, математика.
Қолданатын технология: Ойын технологиясы, денсаулық қорғау технологиясы.

Бөлімдері:
1. Кіріспе сөз.
2. Бауырсақ пен қоянның кездесуі.
3. Бауырсақ пен қасқырдың кездесуі.
4. Сергіту сәті.
5. Бауырсақтың аюмен кездесуі.
6. Бауырсақтың түлкімен кездесуі.
7. Сергіту сәті.
8. Бауырсақтың үйіне қуанышпен оралуы.
9. Қорытынды.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Балалар, қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Мұғалім: Балалар, көңіл - күйлерің қалай?
Балалар: Тамаша, жақсы.
Мұғалім: Олай болса, бір - бірімізге алақан арқылы жылылық танытып, жақсы лебіз білдірейік.

Психологиялық дайындық.
Армысың, асыл күн.
Армысың, асыл жер.
Армысың көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос.
Міне, менің қолым.
2. Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, бүгін бізде математика сабағы. 1 - 10 көлеміндегі сандарды қайталаймыз. Біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.
Бауырсақтың сөзі: Менің атым бауырсақ.
Мені пышақпен қырып алды.
Қанатпен сыпырып алды.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.
Мен атадан кеттім.
Мен әжеден кеттім.
Тыңдамадым атамды.
Тыңдамадым әжемді.
Үйімді мен сағындым.
Көмектесші балақай.

Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?
Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.
Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?
- Домалақ, шеңбер.
Тәрбиеші: Сендердің аналарын, әжелерін бауырсақты қалай жасайды?
Балалар:
Балалар, біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік. Оған баратын жолды көрсету үшін. Алдымызда көптеген аңдардың, бізге қояр тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмалардан кідірмей өтсек, біз бауырсақты, аман есен атасына апасына оралтамыз. Бауырсақ бірінші қай аңмен кездеседі?
1. Слайд: Қоянмен.
Қоян бізге арнайы тапсырмалар беріп тұр. Соны орындасақ ол бауырсақты босатады екен. 1. Тапсырма шарты: Қосу мен азайту мәндерін беріпті. Балалар, қазір 2 қатардан бір - бірден шығып, осылардың жауаптарын тез табайық. Кім дұрыс жазса, сол бауырсақтың суретін алады.
4+1=
6 - 1=
4 - 1=
7+1=
5 - 1=
8 - 1=
3+1=
2 - 1=
6 - 2=
10 - 2=
2. Тапсырма шартты: « Кім жаңылыспайды?» ойыны. 1 - 10 тура және кері санау.
Бауырсақ қояннан құтылып кетті. Балалар, сендер көмектестіңдер.
Қоян: Балалар сендерге көп - көп рахмет.
Бауырсақ, келесі қай аңмен кездеседі?
2. Слайд: Қасқырмен.
Қасқыр, бауырсақты жегісі келіп тұр. Егер де балалар сендер қасқырдың 2 тапсырмасын орындасаңдар. Қасқыр бауырсақты жемейді. Қасқырдың берген 1 тапсырмасы.
1. Тапсырма шарты: Мына сандардың құрамын анықтап жіберіңдер.
2 3 4 5 6 7 8 9 10
Сергіту сәті
2. Тапсырма шарты: Сандарды салыстыру.
Енді балалар, тақтада берілген сандарды кім салыстырып жібереді?
Оқушылар таңбаларың қояды.
4 4
6 4
7 3
5 1
3 3
9 4
8 7
Қасқыр: Рахмет балалар, мен сендерден көп нәрсе үйрендім.
- Келесі қандай аңмен кездеседі? Аюмен.
3. Слайд:
Бауырсақ келе жатып аюға кездеседі. Міне қараңдаршы. Аюда бауырсақты жегісі келеп тұр. Аю бауырсақты жемеу үшін сендерге 1 тапсырма береді. Егер де, осы тапсырмаға жауап бере алсаңдар, біздің бауырсақ аюдан құтылып кетеді.

Тапсырма шарты: Ауызша есептерді орындау.
1 - есеп: Тәрелкеде 5 алма бар еді, мен оның екеуін Динараға бердім. Тәрелкеде неше алма қалды?
5 - 2=3
2 - есеп: Анасы Ерболға 5 торкөз дәптер, 2 жолды дәптер сатып әперді. Анасы Ерболға барлығы неше, дәптер сатып әперді?
5+2=7

ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Бижасанова Шұға Санатқызы

Толық нұсқасын жүктеу
8 306
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
100 - ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлуге қайталау есептері туралы тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, жинақтау
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Бауырсақ қалай домалайды
Бауырсақ қалай домалайды
оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. саусақ бұлшық еттерін дамыту.
Бауырсақтың үйге оралуы
Бауырсақтың үйге оралуы
Заттарды салыстыру дағдысын дамыту. Балалардың геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш. Ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, ертегілерге деген қызығушылықтарын ояту.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
№ 7 Тараз қалалық бала - бақшаның тәрбиешісі Халматова Райхан Нуртазаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×