Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – біздің үйіміз (арнайы курс)

30 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сынып
Курстың атауы: «Табиғат – біздің үйіміз»
Түсінік хат.
«Табиғат - біздің үйіміз» арнайы курс бағдарламасы жалпыға міндетті білім стандартына және жалпы білім беретін мектептің 1 - 4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
Арнайы курс мақсаты – оқушыларға биология, география, жануартану, өсімдіктану, тарих, математика, астрономия ғылымдарының негізі бойынша білім беру. Қарастырылатын тақырыптар мен проблемаларды өзара байланыстыра қарастыруға, ойша және іс жүзінде қарапайым эксперимент жасауға, күрделі мәселелер жайлы алған білімдерін пайдалана отырып, өз беттерінше ізденуге бағыттау.
Курс ерекшелігі – құрастырылған тараулар мен тақырыптар өзара тығыз байланысты. Қарапайымнан күрделіге бағытталған білім беру қарастырылған. Әр тіршілік ету ортасының бір - бірімен байланысын, олардың адам өміріндегі маңызын және күнделікті өмірмен байланысын оқып - үйренуге жағдай жасалған.
Курстың көкейкестілігі – қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өмір талаптарына сай оқушылардың жан - жақты ғылым негіздерін өмірде іске асыруға, өз орындарын табуға икемдеу.
«Табиғат - біздің үйіміз» арнайы курсының оқу материалының мазмұны:
1. Кіріспе.
2. Табиғат және адамдар.
3. Аймақтық жануарлар, өсімдіктер, құстар.
4. Жасыл дәріхана.
5. Аспан денелері.

Кіріспе. Курстың мақсат, міндеттерімен танысу. Курс арқылы табиғаттың біздің өміріміздегі алатын орны жөнінде мағлұмат беру.
«Табиғат және адамдар» бөлімінде адамның табиғатты бақылау әдіс - тәсілдері, табиғаттың адам өміріндегі маңызы, бір - біріне әсері туралы білім беру қарастырылған.
«Аймақтық жануарлар, өсімдіктер, құстар» бөлімінде біздің өлкедегі өсімдіктер, жануарлар, құстар түрлері, олардың тіршілігі туралы мағлұматтар беріледі.
«Жасыл дәріхана» - дәрілік өсімдіктердің атаулары мен түрлері, олардың медициналық маңызы мен қолданылуымен танысады.
«Аспан денелері» бөлімінде Күн, Ай, жұлдыздар, ғаламшарлар, ғарыш туралы қарапайым түсініктер беру қарастырылған.
Осы бөлімдерді оқыту барысында күтілетін нәтиже:
Ақпаратты талдап, негізгілерді іріктеп, оларды салыстыруды үйренеді;
Мәселені дәлелдеу, түсіндіру немесе шешу үшін логикалық сараптауға, тұжырым айтуға үйренеді;
Қарастырылатын нысан немесе проблеманы барлық ықтимал жағдайларда және өзара байланыстыра қарауды біледі;
Ойша және іс жүзінде қарапайым эксперименттер жасауды үйренеді;
Күрделі мәселелерді шеше отырып, өз бетінше ізденуге, болжай білуге үйренеді;
Сыныптастарымен жұптасып, шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс істеуге үйренеді;
Зерттеу жұмысын жүргізуге үйренеді;

«Табиғат - біздің үйіміз» арнайы курсының апталық жүктеме сағаты: аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Арнайы курс бағдарламасы бастауыш сынып мұғалімдеріне дүниетану пәні бойынша қосымша материал ретінде ұсынылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 144
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы, «Чернова орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Жельменова Гульнар Нуркасовна
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қалжат ауылы, Ұйғыр ауданы, Қалжат орта мектебі мемлекеттік мекемесі. Хамраева Мухаббатхан Жалалдинқызы
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Экология және биосфера 11 сынып
Экология және биосфера 11 сынып
Жалпы Биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді.
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×