Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш бақытым. М.Мақатаев

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым», Дихан Әбілев «Туған тілім»
Сабақтың мақсаты: 1) М. Мақатаевтың өмірімен жан - жақты таныстыру, шығармашылық жолынан мәліметтер беру, өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру;
2) оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін қалыптастыру, рухани
танымдарын кеңейту;
3) Отанын, елін, ұлтын сүюге, өнерді, өлеңді бағалауға, адамгершілікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың суреті, пікір ағашы, өлең жолдары жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1) Қиықшалар тарату:
- Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?
- Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді?
- Нелерден аулақ бол дейді?
2) Өлеңді мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме. Сөзжұмбақ шешу. (Мұқағали)
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
«Пікір ағашы»
Қарасаз
1931ж туған
«Аманат», «Өмірдастан»
Ақын, аудармашы

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақын өзі айтқандай оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді.
Алдымыздағы 2015жылы М. Мақатаев 84 жасқа толады.
Мұқағали ағамыз Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен, оларды пір тұтқан. Оны мына өлең жолдарынан көруге болады.
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Туған жерге, туған елге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын: Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын – деп толғанады.
Бүгінгі сабағымызда біз ақынның «Үш бақытым» өлеңімен және Дихан Әбілевтің «Туған тілім» өлеңдерімен танысамыз.
(дәптерлеріне күнді тақырыпты жазып қою)

2) Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
2. Сөздік жұмыс.
Нарқым – бағам деген мағынада.

3) Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңдерге талдау жасау.
Өлеңнің әр шумағын оқи отырып, оқыған шумақтың мазмұнын бірден түсіндіріп отыру.(асықпай, тыныс белгілеріне кідіріс жасап, дауыс интонациясын бақылай, көтеріңкі көңіл білдіре оқытылады)

4). Оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Сергіту сәті: М. Мақатаевтың «Туған күніңмен» әнін орындау.
5) Тапсырмаларды орындау. №6 Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Венн диаграммасы. М. Мақатаев «Үш бақытым», Д. Әбілев «Туған тілім»
● Ұқсастығы: Екеуінде де тіл туралы жазылған
● Айырмашылығы: Мақатаев халқы, Отаны туралы жазған

6) «Ой толғау» стратегиясы. №7 «Оты сөнген, от ал менен, жүрегімді суырып алыңдар» деген тіркестерді қалай түсінесіңдер?
Оты сөнген, яғни өз елін, жерін халқын, тілін қадірлемейтін, Отанын құрметтемейтін адам болса, от ал менен, яғни менің Отаныма деген махаббатым шексіз мен бөлісемін, менен үйрен дейді.
Жүрегімді суырып алыңдар тіркесінің мағынасы – тілім жойылып кетсе, құрыса, менің де өлгенім дегенді білдіреді.

IV. «Поэзия минуты» М. Мақатаевтың соңғы өлеңдерінің бірінен үзінді оқып беру.

V. Қорытынды. - Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
- М. Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп
аталған?

VI. Бағалау.
VІI. Үйге тапсырма: Қалаған өлеңдерін жаттап келу.
6 108
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш бақытым
Үш бақытым
Оқушыларға өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеу керек екендігін түсіндіру. Баланың сөз байлығын дамыта отырып, тіліміздің сөз мағыналарының түрлілігіне көңіл аударту.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Бастауыш сынып мұғалімі: Айтбаева Алия
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайран, Қарасазым - ай!»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×