Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақтың киімін модельдеу

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қуыршақтың киімін модельдеу
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың модельдеу тақырыбында алған біліміне, біліктілігіне және үйренген әдет - дағдысына сүйене отырып, қуыршаққа киімді модельдеу.
Білімдік: қуыршақ туралы мағлұмат беру, киімді модельдеу әдісімен таныстыру, таңдап алынған фасонды модельдеуге үйрету, тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету.
Дамытушылық: модельдеу саласындағы алған білімдерін дамыту, жұмыс істеу дағдыларын дамыту, қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге, қиялдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: жұмыс тәртібін сақтау, еңбекті бағалауға үйрету, еңбек және тұрмыс гегиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндірме бейнелеу, практикалық оқыту.
Сөздік жұмыс: «модельдеу», «модель», «нобай», «стиль».
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта арқылы слайд көрсету, әр түрлі суреттер, эскиздер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, қатыспағандарды белгілеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қоржын неше бөліктен тұрады?
2. Қоржын қандай бұйым?
3. Қоржынның қандай түрлері бар?
4. Қоржын қай кезде қолданылады?

3. Сабаққа қызығушылығын арттыру
Жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мына жұмбақты шешейік.
Бөбектердей бүлдіршін,
Киініп тұр бір мүсін.
Ол қаз басып жүрмейді,
Сөйлемейді, күлмейді.
Жауабы: қуыршақ.
Бүгін біздер осы қуыршақтың киімін модельдейміз. Осы жерде слайд бойынша қуыршақ туралы мәлімет беріп кетемін. Ең қызығы халықаралық қуыршақтар күні бар екен ол - 3 наурызда аталып өтеді екен. Сонымен бүгін біздер қуыршағымыздың киімін құрастырамыз.

4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Модельдеу дегеніміз - бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен модельер суретші - айналысады. Модальер адамның денебітімін сондай - ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімділік заңдарын білу керек. Тігін технологиясын жақсы меңгеруі керек.. Модельдеу екі түрге бөлінеді. Көркемдік және техникалық. Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің суретші - модельері айналысады. Техникалық модельдеу - нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер - конструктор айналысады
Қазақстандағы сән үйлері туралы, «Жадо» сән үйі туралы, Берік Исмайловтың сән үйі туралы слайдтан көрсетемін.
Модельдеудің үш принципі бар:
1. Киімнің адамның ішкі және сыртқы кескініне сәйкес болуы
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы
Тақтада көріп тұрғандай мына көйлекті модельдейміз.

5. Сарамандық жұмыс.
Мына үлгілерді сызып, оны қиып аламыз. Ол үшін бізге керек құралдарды білу үшін тақтадағы жұмбақтарды шешіп көрейік.
Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның күнде жейді басын қыршып.
Матаның жеген сайын басын қыршып,
Артынын түбіт тұрар қыл - қыбыршық.
(Қайшы)

Қысқа таяң діңі бар,
Шиырлаған ізінде,
Сайрап тұрар тілі бар.
(Қарындаш)

Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Қажетпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпімде.
(Қағаз)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
(Сызғыш)

Тазалап ақ қағаз жүзін,
Жоқ етер қарындаш ізін.
(Өшіргіш)

Еңбек сабағындағы қауіпсіздік ережесін есте сақтайық.
Қайшыны жолдасыңа берерде үшкір жағын өзіңе қаратып бер.
Қайшының жүзін жабық күйінде келтіріп, партаның оң жағына қой.
Инені аузыңа салуға болмайды, киімге түйреуге болмайды.
Инені алушыға сабақтаулы жағымен бер.
Сынған инені жерге тастауға болмайды.
Желіммен жұмыс жасап болған соң міндетті түрде қолыңды жу.
Балалар қиып, сызып үлгілерін көрсетеді. оқушылар қуыршақтың суретін салады.
Жақсы деген балаларды мадақтау.

6. Сабақты бекіту.
1. Модельдеу дегеніміз не?
2. Модельдеу неше түрге бөлінеді?
3. Қазақстандағы қандай сән үйлерін білесіңдер.
4. Стильдің түрлері?

7. Үйге тапсырма беру.
Салған суреттері бойынша киімдерді модельдеу. Сән, модель туралы мәнжазба жазу.
8. Сабақты қорытындылау
Бағалау
8 036
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Модельдің түрлері. Модельдеуге тәжірибелік жұмыс
Модельдің түрлері. Модельдеуге тәжірибелік жұмыс
модельдің түрлерімен танысады. ақпараттық модель, компьютерлік модель түсінігін біледі. нысанды зерттеу сызбасын және модельді жіктеуді орындайды
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру; Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін
Қуыршақтың киімін модельдеу
Қуыршақтың киімін модельдеу
Қуыршаққа киімді модельдеу, қуыршақ туралы мағлұмат беру, киімді модельдеу әдісімен таныстыру, таңдап алынған фасонды модельдеуге үйрету, тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету.
Ақпараттық модельдеу
Ақпараттық модельдеу
Оқушыларға ақпараттық модельдеу, модельдеуді сипаттау әдістері, модельдің қасиеттері жайлы жалпы түсінік беру. Оқушыларды ақпараттық модель мен материалдық модель ажырата білуге дағдыландыру, олардың түрлерін таныстыру.
Апараттық модельдеу
Апараттық модельдеу
Модельдің түрлерін екі үлкен классқа бөлуге болады: материалдық және ақпараттық. Материалдық модель – модельдеу нысанның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Түнгі көйлекті модельдеу
Түнгі көйлекті модельдеу
Сабақтың тақырыбы: Түнгі көйлекті модельдеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×