Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем қарбаласы

01 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: «Көктем қарбаласы»
Сабақты мақсаты: Көктемдегі аңдар тіршілігіндегі өзгерістер туралы түсініктер беру. Көктем туралы түсінік бере отырып, көктемдегі аңдардың тіршілік ету жағдайын туралы ұғындыру.
Сабақтың дамытушылығы: Сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін, танымдылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Табиғатты сүюге жануарларға деген құрмет сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.
Сабақтың пән аралық: Ана тілі – қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Көктемнің суреті, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
а) Психологиялық байланыс.
Шуақ шаша алтын таңда
Табиғатта мөлдір таза ауа да
Бәрі оянды, оян сенде бар бала
Балалар осы өлең шумағында не туралы айтылған?
- Табиғат туралы
- Олай болса табиғатты қай пәнде үйренеміз
- Дүниетану пәнінде
- Олай болса қазіргі өтетін сабағымыз Дүниетану сабағы
Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымыздан ерекше болмақ, себебі бізге бүгін қонақтар келіп отыр.
Үй тапсырмасын сұрау
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Құстар қалай қыстайды»
- Кім сабаққа дайындалып келді? 4 - 5 балаға тақырыпты әңгімелету

1. Ормандағы құр жемін қалай аулайды?
2. Отырықшы құстар деп қандай құстарды айтамыз?
3. Үй құстарын адам не үшін күтіп бағады?
4. Қазір қай мезгіл? (Қыс)
5. Қыстан кейін қандай мезгіл келеді? (Көктем)
6. Күзде ұшып кеткен құстар қай кезде оралады?

Қызығушылық ояту:
Қар - мұз еріп су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік жарып, жапырақ ашып
Жер гүл шешек тағады
Қой маңырап, төл жамырап
Жайлау малға толады.
Ал балалар айтыңдаршы,
Бұл қай мезгіл болады?
- Көктем мезгілі
Олай болса балалар өлеңді оқыған кезде көз алдарыңа не елестеді? – деп балаларға ауызша өз ойларын айтқызу

3. Ой шақыру
- Табиғат дегеніміз не? (Айналамызды қоршап тұрған орта)
- Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге бөлінеді, тірі және өлі)
- Тірі табиғатқа не жатады? (Адам, құс, жануар, өсімдік)

Жаңа сабақ
1. Мәтінді оқып беру.
2. Мәтін бойынша сұрақ жауап.
- Аюдың баласын қалай атайды?
- Алғашында олар немен қоректенеді?
- Қонжықтарын ертіп, күні бойы не іздейді?
- Мәтін неліктен «Көктем қарбаласы» деп аталады?

Сөздік жұмыс:
Қарбалас – жұмыстың көптігі, қызу жұмыс.
Қонжық – аюдың баласы.
Илеу – құмырсқаның үйі.
Қорегі – тамағы, азығы.

Мәтінді тізбектеп оқу:
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Жинап алып оны біз
Себеттерге саламыз

Ойын: «Қалпына келтіру»
... Қожығы
... Бөлтірігі
... Көжегі
... Күшігі

Анасы, баласы
Бәрі де қымбатты

Шығармашылық:
Көктем туралы шығарма жазу
Сабақты бекіту:
- Балалар бүгін сабақта не үйрендік? (Топтастыру әдісі)
Көктем туралы

Құстар келеді;
Күн жылынады;
Көк шығады;
Күн ұзарады;
Аңдар балалайды;
Мал төлдейді;
Түн қысқарады.

Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Мәтінді оқып әңгімелеу
3 054
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көрікті көктем
Көрікті көктем
Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс - әрекеттері туралы мағлұмат беру.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу
Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Айжан Даулетбекқызы
Көктем қарбаласы
Көктем қарбаласы
Ақтөбе қаласындағы №34 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусипова Тлектес Муханбеджановна
Көктем
Көктем
Көктемгі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. Сабақты табиғатпен байланыстыру, тіл байлығын кеңейту сөздік қорын молайту. Оқушы танымдылық белсенділігін арттыру. Көктемде өлі табиғат тірі табиғатта болатын өзгерістерге сәйкес бұрыннан
Алтын күз
Алтын күз
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбмра Жасұланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×