Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика әлеміне саяхат

03 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Математика әлеміне саяхат
Мақсаттары:
А) Білімділік: оқушылардың сандар қатарын, санның құрамын, сандарды салыстыру, қосу және азайту амалдарының мағынасы туралы білім, білік дағдыларын қайталау;
Ә) Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру, ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Б) Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.
Көрнекілігі: топ сілтемелері, ойын есептер, жұмбақтар, геометриялық фигуралар, слайд.
Барысы: Ұйымдастыру. Оқушыларды тұрғызып, сәлемдесу рәсімін орындау.
Сабақ мақсатын түсіндіру.
- Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпек. Ол үшін үш топқа бөлінеміз.
1. «Алғырлар» тобы.
2. «Тапқырлар» тобы.
3. «Білімділер» тобы.

Ұраны: «Ақыл азбайды,
Білім тозбайды»
Ұраны: « Оқы да, біл,
Ойна да күл»
Ұраны: «Білімділер алға,
Жеңіске жет қалма»

- Енді топпен жұмыс істегеннен кейін бір - біріңді тыңдап, тыныштық сақтап, еркін қорықпай сөйлеулеріңіз керек.
- Ерте, ерте ертеде ешкі жүні бөртеде әлемді таң қалдырған Орда болыпты. Ол Орданы ақылды, білімді Математика басқарыпты. Математика өз Ордасына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен. Біз бүгін өз білімімізді көрсете отырып, сол Математика ордасына кіруге талпынамыз.
- Ол үшін мен сіздерге төрт түрлі шар әкелдім. Төртеуінің түсі қандай?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қане атап жіберейік.
- Бұл шарлардың түсі сол төрт мезгілді білдіреді.
Ақ түс - қыс мезгілі. Қыста жер беті қандай болады?
Сары түс - күз. Себебі күзде ағаш жапырақтары сарғайып жерге түседі, жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл түс - көктем. Өйткені жасыл түс шөптердің түсі. Табиғат көктемде оянып. жер беті жасыл шөпке толады.
Қызыл түс - жаз. Өйткені гүлдер жаз мезгілінде қызыл түске боялады.
- Осы шарлардың ішінде тапсырмалар бар, соны орындау арқылы қай топ Математика ордасына кіре алады екен, тамашалайық.
(Әділ қазы алқасын сайлау.)

I. Сары шар - күз тапсырмасы.
«Миға шабуыл»
1.«Алғырлар» тобы
1. Аптада неше күн бар?
2. Санды немен белгілейміз?
3. Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
4, Заттарды бір - біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
5. Азайтудың компоненттерін ата.

2.«Тапқырлар» тобы.
1. Бүгін қай күн?
2. Цифрды біз не істейміз?
3. Заттарды бір - бірінен бөлгенде қандай амалды қолданамыз?
4. Қосудың компоненттерін ата.
5. Қисық сызықтың қандай түрлері бар?
3.«Білімділер» тобы.
1. Бүгінгі күннің ауа райы қандай?
2. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті қандай?
3. Сызықтың неше түрі бар?
4. Кесінді деген не?
5. Бұрыштың түрлерін ата.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 179
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой - өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қызықты математика
Қызықты математика
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Урисбаева Жанат Алдамуратовна
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауданы, Ғ Мұратбаев атындағы мектеп - гимназиясы математика пәні мұғалімі Абдураманов Ренат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×