Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз - мереке, күз - береке

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептің
жоғарғы санатты мұғалімі Нұрмашева Шарбану Насырқызы
Тақырыбы: Күз - мереке, күз - береке.

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Міндеттері: Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: көрсету, тақпақтар, ойындар, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: тақырыптық, үлестірмелі суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, себеттер және күз келбеті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Білер қазақ баласы.
«Сәлем – сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.

ІІ. Ән әуенімен күз кіріп келеді (балалар қарсы алады) Амандасады.
- Мен кіммін ?
- Күз
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір күз мезгілі.
- Қандай күз айлары бар?
- Қыркүйек, қазан, қараша

ІІІ.Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Айдос: Сары алтындай сары күз
- Қамбадағы дәніміз.
- Шелек – шелек балымыз,
- Ағыл – тегіл ағымыз.

Ақбота: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.

Мұрагер: Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.

Назерке: Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

ІV Сергіту сәті: Қыс – құнар береді,
Көктем – дән себеді,
Жаз – бастап, өсірсе
Күз – жинап береді.

V Тіл дамыту. Күз мезгілін қалай білеміз?
Айсана Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Балалар
- Күзде күн суық. Күзде сары жапырақтар.
- Күзде алуан-алуан жапырақтар. Жапырақтар түседі.
- Құстар ұшып кетеді. Жемістер жинаймыз.
- Күзде жұмыс көп. Көкөністер жинаймыз.

VІ. Жұмбақ шешейік:
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан.
(Сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(Пияз)
VІІ. Ойын «Кім жылдам?» (Көкөністер мен жемістерді топтап себетке жинайды)

VІІІ. Үлестірмелі суреттер.(Аттарын атап, салыстырып түстерін, пішіндерін және сөз тіркестерін айтады)
Алма – жеміс. Алма домалақ. Түсі қызыл. Дәмі тәтті.
Қияр - көкөніс. Пішіні сопақша. Түсі жасыл.
Шие – жеміс. Қызыл шие. Бес шие. Қышқыл шие.
Мынау - сәбіз. Сопақша сәбіз.сары сәбіз. Үлкен сәбіз.

Х. Күз: Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

Балалар: Бұл күзде болады.
Күз: Балаларға көп – көп рахмет айтып, қоштасып кетеді.
37 897
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық - түлік. Дәрумендер
Азық - түлік. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Алтын күз
Алтын күз
Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Жомарт күз
Жомарт күз
Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларға күз сыйлығы, жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру мен түстер мен пішіндерді ажыратуға үйрету. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Астана қаласы, «№3 мектеп - гимназиясы» КММ қазақ тілі мұғалімі Сокпакбаева Замзагүл Абылмашевна
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×