Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін

03 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Дамытушылық: мәтінді талдау арқылы ой тұжырымын жасауға, өз ойларын дәлелдеуге дағдыландыру; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл - ойын дамыту;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілі – өмірің де, өлең де
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі - - болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
3 - жаттығу
Мәтінді сөйлемдерге ажыратып жазу.
3. Өтілгенді қайталау:
Мәтін
- Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады.
Мәтінге ат қою
- Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау.
Тақырып
Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтіндегі негізгі ой
Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір – бірімен тығыз байланыста болады.

Мәтін дегеніміз не? Тірек сызбаға сүйене отырып мәтіннің мағынасын ашу.
Мәтін

басы
негізгі бөлім
соңы

- Мәтіннің неше түрі бар?
Мәтін
Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
4. Дәптермен жұмыс:

Көркем жазу: Аа апан
5. Оқулықпен жұмыс:
4 - жаттығу.
Терең ойлау тапсырмалары. Тақтамен жұмыс.
Қыздың көргені бойынша жазған әңгімесін ретке келтіріп жаз.
Әңгімең қалай болып шықты? Көшіріп жазып, оқы.
5 - жаттығу.
Суреттерге қара. Бұлар қай ертегі бойынша салынған?
Төмендегі сөйлемдердің берілу реті сурет мазмұнына сәйкес келе ме?
Сурет реті бойынша сөйлемдерді көшіріп жаз.
6 – жаттығу.
Ертегі мазмұнын әңгімелету.
«Түлкі мен ешкі» ертегісін айтуға дайындал:
1). Суреттер мен сөйлемдер арқылы;
2). Суреттердің көмегімен;
3). Есіңде қалғаны бойынша.

6. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

7 – жаттығу.
5 – жаттығуда қарамен жазылған сөздерді ертегі мазмұнының ретіне қарай көшіріп жаз. Неліктен бұл сөздер тірек сөздер бола алатынын ауызша түсіндір.
8 – жаттығу.
Ертегіні оқы.
Түлкі мен құмыра
Сөйлемдердегі сұрау сөздердің көмегімен тірек сөздерді тауып жаз.
1. Әйел шөптің арасына нені қойды?
2. Сүті бар құмыраны не көріп қалды?
3. Түлкі басын қайда сұқты?
4. Құмырадан басын шығара алмаған түлкі қайтті?
5. Түлкі немен бірге суға батып кетті?
Тірек сөздерді пайдаланып, ертегінің мазмұнын айтып бер.
Шығармашылық жұмыс:
1 – топ:
Мәтін сөзін топтастыру
2 - топ
«Менің досым» тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрастырып жазу.
3 - топ
Берілген сурет бойынша әңгіме құрап жазу
Әр топтың тапсырмаларын сұрау.

7. Сабақты қорыту:
8. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау
9. Оқушылардың білімін бағалау.
51 990
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Қазақ тілі, 2-сынып, Мәтіннің түрлері
Қазақ тілі, 2-сынып, Мәтіннің түрлері
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Өзіңді - өзің тексер
Өзіңді - өзің тексер
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Мәтін
Мәтін
Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Мәтін Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін туралы түсінік беру. Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×