Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек түбі – береке

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Исатай аудны, Х. Наубетов атындағы
орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмашева Шарбану Насырқызы

Тақырыбы: Еңбек түбі – береке.
Мақсаты:
1. Оқушыларды мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс –жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар.
Жүру барысы:

Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.

1-оқушы:
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер
2 – оқушы:
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
3 – оқушы:
Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.

4 – оқушы: Асылзат.
Еңбек етпесен елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.

5 – оқушы:
Ерінбесең, еңбегің өнеді.

6-оқушы: Құндыз.
1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
3. Еңбек етпеген азады..
4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.

3-оқушы:
1. Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.
2. Еңбек – адамның екінші анасы.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.

Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген – алар,…(еккен – орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.

Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.
1-оқушы:
Еңбек ет те мақтан,
Ойнап күл де шаттан.
2-оқушы:
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
2-оқушы:
Ердің атын еңбек шығарар.
1-оқушы:
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
1-оқушы:
Ерінбесең еңбегің өнеді.
2-оқушы:
Еңбегі көптің өнбегі көп.
2-оқушы:
Жері семіздің – малы семіз.

1-оқушы:
Мал өсірсең, қой өсір,
Пайдасы оның көл-көсір.
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.

Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еңбек түбі – береке » атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
64 357
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Мың бір мақал сайысы
Мың бір мақал сайысы
Оқырмандарды “сөз мәйегі - мақал” дегендей ата – бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорың молайту.
Еңбек – ер атандырады
Еңбек – ер атандырады
Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Еңбек түбі - береке
Еңбек түбі - береке
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп" ММ – нің бастауыш сынып мұғалімі Сағындықова Роза Ордабаевна
Еңбек түбі – береке
Еңбек түбі – береке
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қорбақова Сәуле
Адам еңбегімен көрікті
Адам еңбегімен көрікті
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм стансасы, № 61 орта мектебінің география пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×