Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Ұрпағымызды саналы, салауатты, дені сау, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата - анамен ұстаз, бала мен ұстаз арасындағы байланыс тығыз болуы шарт. «Бала ата - ананың бауыр еті» деп, аталған ата - аналар жиналысында мына өмірде баланың алатын орны ерекше екеніне көз жеткізді, ата - анамен бала арасындағы байланысты күшейтуді, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке, салмақтылыққа тәрбиелеуді көздедім.
«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп Әл - Фараби атамыз айтқандай, тәрбиесіз білім алу мүмкін емес. Тәрбиелі адам дегеніміз – надандыққа қарсы ереженің бәрін бір бойына жинақтаған адам. Ұрпақтың қамын ойлау – бүкіл қауымға ортақ парыз. Сондықтан бала өсіру, оны өнер - білімге, адамгершілікке тәрбиелеу ата - ана мен ұстаздардың міндеті. Қай ата - ана да баласын жаман болсын демейді. Барлық ата - ана балам жақсы болып өссе екен, елімнің қалаулы азаматы болса екен деп армандайды. «Баланың бас ұстазы – ата - анасы» дейді. Ендеше, баланың жақсы болып өсуіне отбасының ықпалы зор. Болашақ жас өспірімдерді рухы мықты, еңселі азамат етіп тәрбиелеп шығару үшін осы айтылған сөздердің маңызы ерекше. Баланы тәрбиелеуде өздері өсіп келе жатқан орталары және ата - анамен ұстаздың рөлі ерекше маңызды.

Ата - ананың міндеті:
1. Баланы сабақтан қалдырмау.
2. Үйде балалар тәртібіне үнемі көңіл бөлуі.
3. Келе жатқан атаулы мерекелерге ұйымшылдықпен атсалысуы.
4. Сыныптағы өтіліп жатқан іс - шараларға келіп, балалардың өнерін тамашалауы.
5. Оқушының бойында жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға көмектесу.

«Өз бөбегіңіздің іңгәсін естіген сәтіңізден бастап, сіздің өте-мөте нәзік қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, мақсаты да – балалар тәрбиелеу. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі – ер мен әйелдің, әке мен шешенің бір - бірімен қарым - қатынасы» деп, тамаша педагог - ұстаз В. А. Сухомлинский айтқандай, ата - анасы өз баласының тәрбиесі үшін қоғам, ел, халық алдында жауапты. Әр бір ата - ана мектеппен тығыз байланыс орнатып, өз балаларының парасатты, білімді, мейірбан, табанды азамат болып өсуіне жағдай жасаулары тиіс.
Күншығыс халқының бір ойшылы:
«Бір жылдығын ойлаған – күріш егеді,
Он жылдығын бұрын ойлаған – ағаш егеді,
Ал, жүз жылдығын ойлаған – бала тәрбиелейді» деген екен. Осы ойдың астарына терең зер салып, бала тәрбиесіне баршамыз атсалысып, ынтымақтаса жұмыс жүргізейік дегім келеді.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де, бірлік те, береке де бар.
3 691
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кемел келешек кілті - білімде
Кемел келешек кілті - білімде
Өкінішке орай қоғамда жүгенсіз кеткен ұл - қыздарымызда жоқ емес. Асауын ауыздықтап, тентегін жөнге салар – ұлттық тәрбие
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі... (Әл – Фараби)
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектеп педагог - психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы
Ата - ананың мектептегі алатын орны
Ата - ананың мектептегі алатын орны
Ә. Жангелдин атындағы, № 52 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі: Айсариева З.
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×