Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзен мен көл

06 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Тақырыбы: Өзен және көл.
Максаты: Оқушылар өзен және көл туралы түсінеді, айырмашылығын ұғынады;
ой - өрісін, тіл байлығын, жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастырады;
өзен және көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиеленеді
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдісі: СТО технологиясы
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, өзен және көлдердің суреті, тірек - сызба,
слайд
Барысы:
І Қызығушылықты ояту.
1. Психологиялық дайындық
2. Топқа бөлу
Каспий, Сырдария, Жайық, Балқаш
3. Сұрақ қою стратегиясы
Үй тапсырмасы «Жер асты сулары» тақырыбы
1 - топ Жер асты сулары қалай пайда болады?
2 - топ Жер асты сулары ағысының нәтижесінде не пайда болады?
3 - топ Минералды сулар қалай пайда болады?
4 - топ Адам өміріне шипалы сулардың қандай пайдасы бар?
4. «Сөзжұмбақ» шешкенде сабақтың тақырыбы «Өзен және көл» шығады.

ІІ Мағынаны тану
Топтық жұмыс
Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар?
Өзен мен көлдің қандай айырмасы бар?
1 топ Қазақстан өзендері туралы мәлімет береді.
2 топ Қазақстан көлдері туралы мәлімет береді.
3 топ Қазақстан көл мен өзендерінің орналасуы (суретін салу)
4 - топ Өзен мен көл, су туралы мақал – мәтелдер

Оқулықпен жұмыс
Әр топ өзіне берілген тапсырманы оқиды.
1 топ Тұщы судың бір көзі - өзен. Ел өзен жағасына жақын қоныстанады, себебі өзен суы адам баласы үшін маңызды Ертіс өзенінің бойына Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Өнеркәсіп орындары да өзенге жақын орналасқан. Өйткені олар көп мөлшерде тұщы суды қажет етеді.
Өзендер - желмен жарысар,
Өршіл де асау ағыстар.
Өзенді ластап, лайласаң,
Өзіңе дерт боп жабысар.
Ішуге жарамды судың тағы бір көзі - осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да, су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы.

2 топ. Көл де пайдалы, кейбір ақпалы көлдердің суын ішуге болады. Ағынсыз көл суы тұзды болады. Теңіз деп аталатын үлкен көлдер де бар. Каспий — көлдердің ең үлкені.
Дүние жүзіндегі ең терең көл --- Ресей жеріндегі Байкал көлі. Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3 - орын алатын. Аралдан кейінгі ірі көл — Балқаш. Оның бір жағы тұщы, бір жағы тұзды болып келеді.

3 топ. Қазақстан көл мен өзендерінің орналасуы (суретін салу)

4 - топ Өзен мен көл, су туралы мақал – мәтелдер
Ақпаса – су бұзылады.
Сыйлап берген су да тәтті.
Судың да сүрауы бар.
Өзен жағалағанның өзегі талмайды.
Ел көркі - мал, өзен көркі - тал.
Ел ағасыз болмас, көл жағасыз болмас.
Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ..

Қосымша мәлімет
Қазақстанда 85 мың өзен бар. Жазық жердегі өзен баяу ағады. Тау өзенінің ағысы қатты болады. Өзендер – құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны. Ірі өзендер жоғарғы, орта, төменгі ағысқа бөлінеді. Тікелей мұхиттарға, теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм, батпаққа сіңетін өзендер — негізгі, ал бұларға келіп қосылатын олардың салалары деп аталады.
Ұзындығын ескерсек, төртеуі ғана 1мың шақырымнан асады. Олар: Ертіс, ұз1698км., Сырдария, ұз. 1692км. Есіл ұз. 1607км., Жайық, ұз1084км өзендері. Ұз 1000км асатын Тобыл, Іле, Шу сияқты тағы 3 өзен бар.
48 мыңнан астам көлдер бар. Көл суы ағынды және ағынсыз болады. Ағынды көлден су ағып шығады. Сондықтан көл суы тұщы болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзендер
Өзендер
Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу. Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Жер асты сулары
Жер асты сулары
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы. №17 Трубицын атындағы орта мектеп – гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Алимсеитова Гүлнұр Айтқұлқызы
Өзен және көл
Өзен және көл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ы. Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Гульмира
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Қазақстанның ішкі сулары. Өзендері
Қазақстанның ішкі сулары. Өзендері
Атырау облысы, Исатай ауданы Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Ерғалиева Нұрбике Темірешқызы
Құрлық сулары
Құрлық сулары
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×