Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова

08 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
1. Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен тереңірек таныстыру.
Қазақтың салт - дәстүрлері жайлы алған білімдерін толықтыра түсуге бағыт - бағдар беру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.
2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне отырып, өзіндік талдау, жинақтау жасауға, сыни тұрғыда ойлау арқылы жеке және топтық жұмыстарда шапшаңдық, тапқырлық танытуға, сөйлеуін көркем әдеби тілмен өрнектей білуге бағыттау.
3. Өз халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпын сақтауға, құрмет тұтуға, болашақ ұрпаққа жол салушы, сақтаушы екенін сезіндіру арқылы
оқушылар бойында жауапкершілік сезімдерінің оянуына жағдай туғызу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, кітаптары, ұлттық мерекелерді тойлау кезіндегі сюжетті суреттер, қазақ халқының салт - дәстүрлері тақырыбына арналған әртүрлі суреттер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болады, себебі, бүгін бізге қонаққа мұғалімдер келіп отыр. Келген қонақтармен амандасайық.
Ал қазір бір - бірімізге сәттілік тілейік.
Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Оқушыларды топтарға бөлу.
- Бүгін біз сабағымызды топқа бөліп өткіземіз, алдымен топ басшыларын сайлап алайық.
(Абай ауылы, Ыбырай ауылы, Мұхтар ауылы)
Сабағымызды әдеттегідей үй тапсырмасын тексеруден бастаймыз.

Үй жұмысын тексеру.
1 - топ: «Ғалымның хаты өлмейді» мәтінің қысқаша мазмұндап бер.
2 - топ: Таймас Жұдас шешеннің сөзін жатқа айту.
3 - топ: Абылай кім? Ол туралы не білесің?
- Абылайхан деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? (Топтастыру)
(Батыр, хан, малшы, Әбілмансұр – шын аты, Сабалақ - Төле би қойған ат, Абылай - ұрандаған ұран)

Қызығушылықты ояту
- Балалар, бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар білімімізді жолымызға азық етіп, ата - бабалар еліне саяхатқа шығамыз. Кез келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен, жерімен, салт - дәстүрімен танысады. Біз бүгін ата – бабаларымыздың болашақ ұрпағына асыл мұра етіп қалдырған салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптарымен танысамыз. Бәріміз керуеннен қалмай саяхаттау үшін сабақ бойы берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.
- Бүгін сабақта қандай тақырып өтетінімізді табу үшін біз көбейту кестесін қайталайық.

Мағынаны тану.
- Бүгін біз Ф. Оңғарсынова жазған «Қазақтың дәстүрлері»атты өлеңімен танысамыз.
- Ф. Оңғарсынова жайлы не білесіңдер?
Суреттермен жұмыс. Ф. Оңғарсынова жайлы қысқаша мәлімет беру.
Фариза Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар2014 жыл)- қазақ ақыны, халық жазушысы, тілші, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996 - 2004).
1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.
1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша өлеңдегі түсініксіз сөздерді белгілеп отыру.

Сөздік жұмысын жүргізу.
Бел бүгіліп -
Ел жүгініп -
Жатырқап -
Керім -
Самарқау -
2. Өлеңді оқушылардың мәнерлеп, түсініп оқуы.
Өлеңнің мазмұнымен жұмыс.
- Осы өлең ішінде қазақтың қандай дәстүрлері туралы айтылған? (Қонақжайлылық, үлкендерді сыйлау, өнерге деген сүйіспеншілік, ата - ана алдындағы борыш - әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу)
- Тағы қандай дәстүрлеріміз бар?
- Қазақтың кеңпейілдігін ақын неге теңейді? Тағы қандай теңеу сөздер бар?
(жазық дала - кең пейіліміз, өлердей құрметтейді, тізгінді алып, тік тұрып)
Қазақтың салт – дәстүрлері жайлы қосымша мәлімет беру.

Сергіту сәті.
Топтық жұмыс.
1 - топ. Өлеңнен антоним, синоним сөздерді табу.(Ерте - кеш, жасымыз - кәріміз, ұл - қыз, жас - кәрі. Әдет - дәстүр, құрметтейді - сыйлайды, жазық - кең, халық - ел)
2 - топ. «Дәстүрімді мақтан етемін»деген тақырыпта эссе жазу.
3 - топ. Өзің білетін салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарды жазып шық. («Топтастыру»стратегиясы)

Ой толғау
«Шығарма кестесін» толтыру.
1. Шығарманың аты.
2. Авторы.
3. Оқиға кезеңі.
4. Оқиға орны.
5. Басты кейіпкерлер.
6. Негізгі идеясы.
7. Мәтінге сай келетін мақал - мәтел.

Шығармашылық тапсырма:
1 - топ. «Салт - дәстүрлер» тақырыбына төрт жол өлең құрастыру.
2 - топ. Бір салт - дәстүрді көрсету.
3 - топ. Кез келген салт - дәстүрді бейнелейтін сурет салу.
- Бүгін біз не үйрендік? Өзің үшін қандай жаңалық аштың?
-«Салт - дәстүр»сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

Бағалау.
Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу, ұнаған шумағын жаттау.
5 364
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа.
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа.
Қазақ халқының «Салт» және «дәстүрлері». Традиции и обычаи казахского народа
Қазақтың дәстүрлері
Қазақтың дәстүрлері
Фариза Оңғарсынова өмір жолы мен шығармашылығын тереңірек таныстыру. Қазақтың дәстүрлері туралы мағлұматтарын кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлері
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×