Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті өмірдегі көліктер

08 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Күнделікті өмірдегі көліктер
Білімділік: Күнделікті өмірдегі көліктер туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Жол қауіпсіздігін сақтауға баулу.
Дамытушылық: Ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту дамыту.

I кезең
1. Үйінде қандай көлік бар? Ол неге керек?
2. Өз жерімізде қандай көлік түрлері бар? автобус, машина,...
3. Жергілікті көліктердің атқаратын қызметін айт. (автобус тасымалдайды, өрт сөндіру машиналары өрт сөндіреді, жедел жәрдем ауруханаға жеткізеді)
4. Көліктің қай түрі жылдам жүреді? ұшақ, пойыз
5. « Самғайды» дегенді қандай көлікке байланысты айтуға болады? ұшақ

II кезең
1. Ертеде адамдар көлік ретінде нені пайдаланған?
жануарларды
2. Әр халық жануардың әр түрін пайдаланған. Соларды ата
қазақ ат, түйе мінсе, үндістер пілге, шығыс халқы қашыр, есек, тау халқы қодасты көлік еткен
3. Тұрмыс - тіршілікте көліктің маңызын неде
Тұрмыс - тіршілігі өркендеген мына заманда бір жерден екінші жерге, бір елден екінші елге тез жеткізетін және қолайлы жабдықталған көлік түрі көп - ақ
4. Көліктердің пайдасын айт
ауылдан келетін көкөніс, жеміс - жидек, астық, сүт, ет, ірімшік, қаймақ т. б. Көлік болмаса тұтынушылардың қолына қажет уақытында тимес еді. Көліктің қай түрі болса да адамға сан алуан қызмет атқарады
5. Шет елдермен қатыста көліктің алатын орны туралы айтылатын бөлімін тауып оқы
Көптеген жастарымыз шет елдерде білім алуда. Ондай алыс жерлерге - ұшақпен жетеді
6. Неліктен, кейбір мамандық иелеріне, арнайы машина қажет?
Себебі, олар машинасыз тез жете алмайды. Мысалы, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем,...
7. Тіршілікте көліктің маңызы зор. Неліктен?
Көлік тасиды, жүк тиейді, жүреді,...
8. Қазіргі көлік түрлері мен ертедегі көлік түрлерін салыстыр. Қайсысы тиімді.
9. «Көлік» атауының мәнін ашатын сөздерді схемаға тауып жаз
10. Көлік дегеніміз жүретін, ұшатын, жүзетін, жүйткитін, жалпы айтқанда, адамның мінуіне, жүк тасуына қызмет ететін машиналар мен жануарларды айтады
11. Суреттерді қараңдар. Машиналар қандай көлік түріне жатады? Адам өмірінде олар қандай қызмет атқарады?
12. Сен қалай ойлайсың? Көлік көп жүретін жолдардан өтерде қандай сақтық керек?

III кезең
I деңгей
1. Көлік дегеніміз не?
жүретін, ұшатын, жүзетін, жүйткитін, жалпы айтқанда, адамның мінуіне, жүк тасуына қызмет ететін машиналар мен жануарларды айтады
2. Қандай көліктерді білесің? машина, пойыз, ұшақ
3. Ертеде қандай көліктерді пайдаланған? түйе, ат, есек, қашыр, қодас
4. «Жүйрік» деген сөзді қай көлікке байланысты айтуға болады?
Жүйрік ат
5. Адам тасымалдайтын көліктерді ата машина, пойыз, автобус
«Көліктің пайдасы» әңгіме жазу.

II деңгей
6. Көліктердің жылдамдықтары бірдей ма? Неге?
әр түрлі, салмағына байланысты, қозғалтқыштың әр түрлі жинақталуына байланысты
7. Қандай машиналарды жолда кезексіз өткізеді? Неге?
жедел жәрдем. Сырқат, ауру адамға тез көмек көрсету үшін
8. Сендер онымен келісесіңдер ме?
9. Мына ертегі кейіпкерлері қандай көлік түрлерін қолданған?

III деңгей
1. Жұмбақтың шешуін тап.
Тақылдатып таңдайды,
Егінді тез жалмайды,
Дәнін берер тазалап,
Өзі түк те алмайды. (комбайн)

2. Төбесінде кіндігі,
Жалғанған желіге
Қабырғада күндігі,
Нұр шашқан төріне. (троллейбус)

3. Көлік түрлерін жаз.
Көлік
Ұ...
К....
М....
Т...
10. Сендер қалай ойлайсыңдар, егер көшеде келе жатып, машиналардың жолын бөгеп, жол ережесін бұзсақ, қандай жағдай болуы мүмкін?
7 911
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көлік
Көлік
Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Transport (Көліктер)
Transport (Көліктер)
Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету.
Жүк мәшинесі
Жүк мәшинесі
Атырау облысы, Индер ауданы, "Райхан" балабақшасының тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы
Көліктер
Көліктер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Баймұратова Айсауле
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×