Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқу машығын қалыптастыруда жетістікке жету жолдары

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оқу машығын қалыптастыруда жетістікке жету жолдары

Дұрыс оқу - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты қажеттілігі. Бір жағынан оқу құралы болса, бір жағынан оқытудың басты құралы. Кітап оқу арқылы ғана бала көп деген қызықты мәліметтерді ала алады. Оқу машығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Сондықтан осы кезеңде баланың дұрыс оқуын, ғылыми танымдық және мәдени мәтіндерді оқып түсінуге үйрету маңызды. Тіпті осы бастауыш сыныпта оқу техникасын жетілдіріп жіберуіміз керек. Жылдам оқу дегеніміз минутына 300 - 400 сөз оқу. Бірақ бұған қол жеткізудің қажеті жоқ.. Бізге керегі түсініп дұрыс оқу. Ал дұрыс оқу дегеніміз адамың сөйлеген кездегі жылдамдығы, яғни 120 - 150 сөзді 1минутта оқу. Егер оқушы минутына 50 сөз оқумен 4 - сыныпты бітірсе, 7 - сыныпта 8 бетті шығарманы ( ал ол 6500 сөзден тұрады ) 130 минутта оқиды екен. Ал түсіну үшін 2 рет оқыса, жобамен 4 сағат керек. Мектептегі 6 сағат, басқа да жазбазаша үй тапсырмалары бар, 10 сағаттан артық уақыт керек. Сонда бұл бала ештеңеге үлгермейді. Бір сөзбен айтқанда үлермеуші атанады. Сондықтан, жақсы оқушы атандыру үшін, оқу техникасын жетілдіру керек, яғни, оқу керек. Ол үшін не істеуге болады? Бірінші, дұрыс оқи алмаудың себептерін анықтау. Оның себептері: Қызметтің табиғи баяулығы

Регрессия (оқығанын қайталап оқу); Антиципацияның жоқтығы (алдын - ала болжау) Артикуляция (сөйлеу апараттарының дұрыс жұмыс істемеуі) Дұрыс тыныс алмау Көру ауқымының аздығыНазар аударудың жетіспеушілігі Есте сақтау қабілетінің нашарлығы
Осы себептерді анықтағаннан кейін, жүргізілетін жұмыстарға тоқталайық:
Қызметтің табиғи баяулығы жай қимылдайтын, үлгірмейтін, тез шаршап қалатын балалардан көруге болады. Бұл жағдайда балардың еш кінәсі жоқ. Яғни, арнайы жаттығулар жүргізу арқылы оқу жылдамдығын арттыруға болады. Оған мынадай жаттығуларды жүргізуге болады:
Мысалы: Су - сулы - сусыз - сулық Ек - егін - егінші - егіндік
4. Қиын сөздерді алдын - ала буындап оқып алу.
5. Әр - түрлі шрифтідегі сөздерді оқу. Шабармандар Балдырған
Антиципацияның жоқтығы (алдын - ала болжау)

Байқасаңыздар кейде не оқитыныңызды алдын - ала біліп отырасыз. Осы болжаудың жоқтығы да оқу жылдамдығын төмендетеді. Болжауды жетілдіру жаттығулары:
Қалып қойған жалғауларды орнына қойып оқу.
Мысалы: Жақсы қыз жағада... құндыз Жақсы жі... аспандағы жұл...
Ұйқасын тап Мысалы: Ыр - ыр - ыр - ырылдайды (қасқыр)
Мір - мір - мір - қап - қара (көмір)
Көрінбейтін сөздер Мысалы: Сыртым жасыл, ішім қызыл. Қ - - - - -
Қорбаңдап жүремін, балды жақсы көремін. А -
Сөйлемді кері оқу. Жазылған сөйлемді кері оқу
Торша арқылы оқу. Мәтін бетіне торша қойылады, сол кезде кейбір сөздер, буындар көрінбей қалады соны тауып оқу керек. 5 минут торша арқылы оқу керек, 2 - 3 минут торшаны алып тастап оқу керек.
Мәтінді арасындағы сөздерді тастап кетіп оқу. Мысалы: Әміре күшігімен....... алдында....... жүрді.
Артикуляция. Атының өзі оқу жылдамдығының неліктен төмендейтінін айтып тұр. Сөйлеу аппараттарының дұрыс жұмыс істемеуі, дыбыстарды дұрыс айта алмауы әсер етеді. балалардың артикуляциясын дұрыстайтын жаттығулар:
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы. Бұл жаттығулар сөйлеу аппараттарының жұмысын жақсартады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 529
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл дамыту күнтізбелік жоспар
Тіл дамыту күнтізбелік жоспар
Қазақ тілі пәнінен 4 сыныптарға арналған «Тіл дамыту» атты факультативінің жұмыс жоспары
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу.
Әдебиеттік оқу сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
Әдебиеттік оқу сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
Ақтөбе қаласы, «Сымбат»жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.С.Булекбаева
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Боранова Болған Махмутқызы
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, № 36 «Аққу» мектеп – бақшасының бастауыш сынып мұғалімі Имашева Гульмира Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×