Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нөлмен аяқталатын сандарды бөлу

14 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Нөлмен аяқталатын сандарды бөлу
Сабақтың мақсаты: Нөлмен аяқталатын сандарды бөлу жолдарымен таныстыру
1. Оқушылардың қолайлы тәсілмен есептеу жолдарын меңгергендіктерін есепке алу.
2. Өз беттерімен есептеу қабілеттерін арттыру.
3. Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, талдау.
Көрнекілігі: кестелер, математикалық диктант

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.

ІІI. «Ой қозғау» стратегиясы.
- Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.
1. Жылдың он бірінші айын ата /қараша/
2. Бүгін аптаның қай күні? / үшінші, сәрсенбі/
3. 320 мен 1 - дің көбейтіндісі /320/
4. Шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш нелер? /геометриялық фигуралар/
5. 513 пен 515 - тің арасында қай сан бар? /514/
6. Есік қандай геометриялық фигура? /тік төртбұрыш/

ІV. Сабақ мазмұнымен таныстыру.
V. Жаңа сабақ. Егер бөлінгіш пен бөлгішті 10 есе кемітсе, бөліндінің мәні өзгермейтіндігін түсіндіру.
1780 см: 20 см = 178 дм: 2 дм = 89
1780: 20 = 178 онд.: 2 онд. = 89
17800 см: 200 см = 178 м: 2 м = 89
17800: 200 = 178 жүзд.: 2 жүзд. = 89

ҮI. Оқулықпен жұмыс. Қолайлы тәсілмен өрнектеу.
ҮII. Тақтамен жұмыс.
Есептерді түсініп оқу. Қай есептің х + 8 ∙ 9 = 80 теңдеуі арқылы шығатынын табу.
1) Турист 80 км жүруі керек. Ол әр күн сайын 8 км жүріп, 9 күн жолда болды. Ол әлі неше километр жүруі керек?
2) Асхатта 80 тг бар еді. Ол 9 теңгеден 8 сағыз және бір ауа шарын сатып алды. Бір ауа шарының бағасы қанша?

ҮІII. Өз бетімен жұмыс.
Шарты: 100 тауыққа – 20 кг
Бір күнге -? кг астық 10 000 тауық
Шешуі: 100: 20 = 5 кг бір тауыққа
10 000 ∙ 5 = 50 000 кг
Жауабы: Бір күнге 50 000 кг астық қажет.

IX. Cергіту сәті.
Логикалық тапсырмалар.
1. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5)
2. Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағат 30 минут ұшқан, ал Астанадан Алматыға 90 - ақ минут ұшты, неге? (тең)
3. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (2)
4. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3)
5. Бір тонна мақта ауыр ма, бір тонна темір ауыр ма? (тең)

X. Топпен жұмыс.
Өрнектердің мәндерін табу.
І топ 4900 м – х + 389 м, егер х = 2486 м; 675 м болса;
ІІ топ х + 695 сағ – 456 сағ, егер х = 1000 сағ, 2305 сағ болса;
ІІІ топ 56 800 кг – 2720 кг – у, егер у = 3680 кг; 10026 кг болса;

IX. Сызбамен жұмыс.
АВС ұшбұрышының қабырғаларының ұзындығын өлшеу.

ХI. Шығармашылық жұмыс.
Дұрыс теңсіздік шығу үшін бос орынға қандай натурал сандарды немесе нөлді жазу керек?
980: 140 - □ < 880: 440
9100: 1300 + 24 < 9900: 300 - □

ХII. Қорыту. №11 Есептеу. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендіктерін анықтау.
3210: 10
5600: 80
1300: 100
6300: 700
32100: 100
54000: 600
630: 90
720: 90
5600: 700
2000: 400
ХIІI. Үйге тапсырма
ХIV. Бағалау
8 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша оқушыларда білім қалыптастыру. Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, оқушының белсенділігін арттыра отырып, өзін бақылауға, бағалауға дағдыландыру.
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері туралы түсінік алады, олардың компоненттерінің жазылуына назар аударады, көбейтуді теңдеудің белгісіз компоненттерін біледі және оларды таба білуге үйренеді.
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша оқушыларда білім қалыптастыру. Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, оқушының белсенділігін арттыра отырып, өзін бақылауға, бағалауға дағдыландыру.
Көбейту және бөлу 379х60; 22740: 60
Көбейту және бөлу 379х60; 22740: 60
Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілін қалыптастыру, есептің әр түрін шығару дағдыларын жетілдіру. Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдерімен таныстыру, сәйкес
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Сапарбаева Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×