Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар неліктен құрып кетеді?

15 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жануарлар неліктен құрып кетеді?

1. Оқушыларға сирек кездесетін, жылдан - жылға азайып не жойылып бара жатқан жануарлар туралы, Қызыл кітапқа сирек кездесетін түрлері тіркелетіндігін түсіндіру, ұғындыру.
2. Оқушыны ойланту өздігінен ізденіске салу, қиялдату, ойын тұжырымдату, ой - өрісін кеңейту, шығармашылығын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой сергіту, ой түйін, талдау - жинақтау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!

ІІ. Өткен материалды қайталау.
- Балалар, біз қазір тіршілік иелерінің қай түрлері бойынша жұмыс жүргізудеміз? (Жануарлар туралы)
Үйге тапсырма:
Сурет бойынша қоректік тізбек құр. Оқулықтың 116 - бетіндегі сурет. Мұғалім: Сонымен жердегі барлық тіршілік иелері бір - бірімен қорек тізбегі арқылы байланысады. Сарышұнақ егістікте өсетін дәнмен қоректенеді. Саршұнақтың өзін түлкі ұстап жеуі мүмкін. Яғни, «дән - саршұнақ - түлкі» қорек тізбегі пайда болды.
Бұғы шөп жейді. Бұғының өзі - қасқырдың жемі. «Шөп - бұғы - қасқыр» қорек тізбегі пайда болды. Жәндіктер өсімдік жейді. Көлбақа жәндіктермен қоректенеді. Көлбақаны құтан жейді. Қорек тізбегі: «өсімдік - жәндік - көлбақа - құтан».

Сыныпты топқа бөлу. Сыныпты 3 топқа бөлу.
1 топ: Адамдар тобы
2 топ: Жануарлар тобы
3 топ: Өсімдіктер тобы

3. Жаңа сабақ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тақырыбы: Жануарлар неліктен құрып кетеді?
- Бүгін біз сендермен жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін, олардың жойылып кетпеуін қадағалау жолдарымен танысамыз.
«Жануарлар неліктен құрып кетеді?»

v Адам жануарлардың тіршілік ортасын жойып жібереді. ( егін салу үшін ормандар мен тоғайларды кесіп, өртейді, ғимараттар салады)
v Аңшылық кәсіп және жөнсіз аулау. (браконьерлік)
v Табиғи апаттардың салдарынан.
v Өзен, көлдер мен мұхиттардың ластануынан.
Қазіргі кезде Қазақстанда сирек кездесетін аңдарды аулауға тиым салынған.
Иә, шектеусіз аулау мен адамдардың шаруашылық әрекетінен кейбір жануарлар мүлде құрып кеткен, ал көбі сирек кездесетін түрге айналған. Олар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
- Енді, балалар, біз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген кейбір жануарлардың түрлерімен танысамыз.
Ғалымдар жануарлардың неліктен құрып кететінін зерттеп, оның себептерін ашты.
Тоғай бұғысы бұрын Қазақстанда Сырдария мен Іле өзендерінің бойында мекендеген. Бірақ 60 - шы жылдардың ортасында толықтай жойылған. 1981 жылы Тәжікстаннан бірнеше бұғы әкелінді. Олар Іле өзенінің сол жағалауындағы аңшылық шаруашылыққа жіберілді. Қазір саны 200 - ден асты.
Қабылан – Бүгінде бұл жануар да жойылып кету қаупі бар. Сондықтан қолда өсірілген қабыландарды табиғи ортаға қайтадан жіберу керек.

Қазақстан жерінде көптеген ерекше қорғалатын қорықтар бар.
Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты - қорықтар деп атайды. Ақсу - Жабағылы қорығы
Алматы, Алакөл қорығы
Үстірт, Наурызым қорығы
Батыс Алтай, Барсакелмес қорығы

4. Топтық жұмыс. «Суреттер сөйлейді» стратегиясы. Әр топқа суреттер таратылып беріледі. Әр топ мүшесі өз ойларын айтады. Содан соң сурет бойынша қорытынды ойларын айтады.
1 - сурет. Орман ішінде мылтық ұстаған адам.
2 - сурет. Шашылған қоқыс
3 - сурет. Гүлдерді басып жүрген бала.

5. Сергіту сәті.
6. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу

7. Сұрақтар: 1 - топ: Жер бетіндегі жануарлардың құрып кетуіне не себеп болған?
2 - топ: Қорықтар не үшін құрылады?
3 - топ: Қызыл кітап туралы не білесің?

8. Топтық жұмыс. Мына жағдаяттарды талдау.
1 - жағдаят.
1 - топ. – Алақай! Біз ормандамыз. Енді қатты айғайлап, музыка тыңдауымызға болады. (Қорытынды: қатты музыка мен айғай - шу ормандағы жануарларды шошытады).
2 - жағдаят.
2 - топ: Бұтаның үстіндегі ұяны қыз бала көрді. Балалардың әрқайсысы үлкен жұмыртқаларды ұстап көргілері келді, бірақ қолдарына алмады. (Қорытынды: жұмыртқаға тиісуге болмайды, өйткені құс оны қайтадан баспай қоюы мүмкін.)
3 - жағдаят.
3 - топ. Балалар соқпақпен келе жатқан. Алдарынан бауырымен жорғалап келе жатқан жылан шықты. Барлығы қорқып кетті, тек бір бала таяқпен жыланды ұра бастады. (Қорытынды: жыланды ұрма)

Сергіту сәті:
Жануарларды атпаймыз,
Жасыл шөпті баспаймыз.
Табиғатты қорғаймыз,
Ағаштарды сатпаймыз.
Қол көтерсем солтүстік
Топ - топ бассам оңтүстік
Қолды созсам жан - жаққа
Көрсетеді бағытты

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызыл кітапқа енген жануарлар
Қызыл кітапқа енген жануарлар
- идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісін бағалай отырып, мазмұнның дамуын салыстырып, талдау;
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Өсімдіктер мен жануарлардың байланысы
Өсімдіктер мен жануарлардың байланысы
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №3 Шұбарқұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Атраубаева Бибігүл Қожашқызы
Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы
Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы туралы мағлұмат беру. Табиғаттағы зат айналысымен таныстыру. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен, топпен жұмыс істеу дағдыларын
Қызыл кітап құпиясы
Қызыл кітап құпиясы
№7 Қалалық балабақшаның тәрбиешісі Халматова Райхан Нуртазаевна
Жануарлар дүниесін қорғау
Жануарлар дүниесін қорғау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×