Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

15 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Түрі: Дамытпалы сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Мақсаты:
Білімділік Оқушыларға зат есімнің жекеше және көпше түрлері жайлы түсінік беру. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді түсіндіріп, оларды сөйлем ішінен таба білуге жаттықтыру.

Дамытушылық: «Кім жылдам?», «Кел ойнайық», суретпен жұмыс арқылы шешу арқылы оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін, дүниетанымын танымдық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өз ойларын ашық еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие бере отырып, сауатты әдемі таза жазуға, бір - біріне құрметпен қарауға, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: ойындар,, әріптер, ойындар, тірек - схема, слайд, суреттер.
Әділ - тәсілдер: Топтық, ішінара ізденушілік, зерттеушілік, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, музыка, дүниетану
Жаңа технология: ойын арқылы ойлау.

І. Ұйымдастыру ІІ. Психологиялық дайындық
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІІ. Топқа бөлу
Балалар себетте көкөністер, жемістерді бір - бірден аламыз. Көкөністер алған
оқушылар көкөністер тобына отырады.

ІҮ. Үй тапсырмасы
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Жалқы есім дегеніміз не?
3. Жалпы есім дегеніміз не?

Жалқы, жалпы есімдерді тауып бөліп жаз
М. Әуезов, Әміре, орман, дәрігер, Ақтөс,
Ертіс, тау, Дәптер, Бала би

Ү. Жаңа сабақ
1. Электронды оқулық
2. Слайдпен жұмыс
Мысық - мысықтар
Қыз - қыздар
Сиыр - сиырлар
Шар - шарлар
ҮІ. Кітаппен жұмыс
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа

ҮІІІ. Сергіту сәті
Би «Қамажай»

ҮІІ. Дәптермен жұмыс
Электронды оқулық Ү. Тапсырма 21
Зат есімнің жекешені көпше түрге айналдырып жаз.
Бала - -----
Қоян - ----------
Тау - --------------
Өзен - -----------------
Журнал - ------------------

ҮІІІ. Сергіту сәті

ІХ. Ребусты шеш.
Инеліктер.
Инелік көзі үлкен, құрсағы ұзын. Денесі көк түсті. Өзен мен бұлақтардың маңында тіршілік етеді. Жұмыртқасын ащылау не тұщы суға, ылғалды топыраққа, кейде өсімдік сабағына бір - бірден немесе топтап (300 жұмыртқаға дейін) салады. Инеліктің пайдасы зор. Маса, сона, шыбынды жеп пайда келтіреді. Әдемі инелікті балықтар, су құстары жейді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Х. Шығармашылық жұмыс
Қысқы күндер - көңілді (Әңгіме құрау)
ХІ Білімдерін пысықтау
5 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі А. К. Бахтыгереева
Зат есімнің көпше жекеше түрі
Зат есімнің көпше жекеше түрі
Жубангарина Алма Болатқызы Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Зат есімнің жекеше, көпше түрі  2-сынып
Зат есімнің жекеше, көпше түрі 2-сынып
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Жомартова Назым Нурхасымовна бастауыш сынып мұғалімі Қазақ тілі 2 «В» сынып Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері. Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×