Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар. Үй құстары

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстар. Үй құстары. (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: жобалау технологиясы, сұрақ - жауап, көрнекілік, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, құстар дауысы, суреттер, ойындар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
III. Жаңа сабақ.
- Қазір қандай мезгіл?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде жерге сән беріп, құлпырып өсетін қандай гүлді білетін едіңдер?
- Жауқазын.
- Олай болса, көктемнің сәні жауқазын гүлінің өздеріңе ұнаған түсінен бір - бірден таңдап алайық. Гүлді көп жұлуға болмайды. Сондықтан бір - бірден алып, өз
орнымызға жайғасайық.
IV. Топқа бөлу.
I топ - ақ жауқазын
II топ - сары жауқазын
III топ - қызыл жауқазын
- Ал, балалар, орнымызға жайғасайық. Алдымызда сурет қиындысы бар, әр топ сурет қиындысын құрастырып, не шыққанын қарайық.
- Қане, ненің суреті шықты?
I топ. Тауық.
II топ. Бүркіт.
II топ. Түйеқұс.
- Қане, балалар, біздің өтетін тақырыбымыз не болмақ?
- Құстар
- Өте жақсы.
V. 1 - слайдты ашу. Құстар. Үй құстары.
I топ. Тауық туралы өз білгенімізді ортаға салайық.
II топ. Бүркіт туралы.
III топ. Түйеқұс туралы.
Балалардың пікірін тыңдап, топтарға ат қою.
I топ. Үй құстары.
II топ. Жабайы жануарлар.
III топ. Ұша алмайтын құстар.
VI. 2 - слайдты ашу.
Жұмбақ шешу.
1. Алшаң - алшаң басады,
Бірін - бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз.)
2. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық.)
3. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш.)
4. Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауық емес, тегі ұқсас,
Сақалы бар салпиған. (күркетауық.)
5. Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қаладай. (үйрек.)
VI. 3 - слайдты ашу. Жабайы құстар.
Жабайы құстар еліміздің даласында, орманында, таулы аймақтарында, суларында да тіршілік етеді. Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар, ал өз еліміз Қазақстанда 480 - ге жуық түрі бар екен. Барлық құс пайдалы. Соның ішінде ең үлкен құс - түйеқұс болса, ең кіші құс - колибри құсы екен. Түйеқұстың салмағы 100 - 150кг, бойы - 2, 5 - 3м. Африка, Афстралияда кездеседі. Колибри 15 - 20г, бойы - 5, 5см. Ол Оңтүстік Америкада кездесе
Алайда құстар табиғатымызға көрік беріп қоймай, әсем әуенімен де сымбатты.
VII. 4 - слайдты ашу. Ойын"Қай құстың дауысы."
VIII. 5 - слайдты ашу. Топпен жұмыс.
I топ. Үй құстары. Құстардың ерекшелігі.
II топ. Жабайы құстар. Құстарды қорғау.
III топ. Ұша алмайтын құстар. Өлең құрастыру.
Әр топ алдына қойылған құстардың ішінен өз тобындағы құстарды ажыратып алып, бөлек қағазға жабыстырып, берілген тапсырмасын қорғау.
IX. Сергіту сәті. "Ұшты - ұшты!" ойыны.
X. Ой қозғау. 6 - слайдты ашу.
Сонымен, балалар, құстардың алуан түрлі екенін, оның ерекшелігін, пайдасына көзімізді жеткіздік. Енді құс туралы ойымызды топтастырайық.

Құстар

қанатты достар;
сән береді;
гүлдерді тозаңдандырады;
зиянкестерді жояды;
орман емшісі;
ағаштарды қорғайды;
ән салады;
орман емшісі.

XI. 7 - слайдты ашу.
Дәптермен жұмыс.
Бақылау күнделігіндегі тапсырманы орындау.
Сөзжұмбақ шешу.
XII. Оқулықпен жұмыс.
1 - 2 оқушы мәнерлеп оқу.
XIII. Сабақты қорытындылау.
8 - слайдты ашу.
Тест тапсырмаларын орындау.
XIV. Бағалау.
XV. Үйге тапсырма беру. Құстар. Үй құстары.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 854
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×