Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап қайдан шығады?

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Кітап қайдан шығады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі. Оқушыларға кітаптың қаншалықты құнды, бағалы дүние екендігін түсіндіру. Баға жетпес білім қоры екенін ұғындыру.
Дамытушылығы. Кітап оқуға саналы түрде баулу. Өз білімдерін талдап, ойларын тұжырымдауға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі. Өздерін алған білімдері арқылы жақсы әдеттерге бейімдеу. Көркем сөйлеуге, ұқыптылыққа, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, түсіндіру, тірек сызбамен жұмыс, көрнекіліктер арқылы ой түйіндеу.
Көрнекі құралдар: тірек сызбалар, суреттер, кітаптар.
Техникалық құралдар: теледидар, слайд түріндегі бейнетаспа, үнтаспа.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын дайындау..
Келісім шарт түзу.
• Тәртіпті болу.
• Сабаққа белсенді қатысу.
• Қолды көтеріп, қатесіз, саспай жауап беру.
ІІ. Ой шақыру.
 Балалар біз әдепті болуды кімнен үйренеміз? Әдептілікке кімдер тәрбиелейді?

ІІІ. Өткенді пысықтау үшін сұрақтарға жылдам жауап береміз.
1. Айналадағы дүниенің неше бұрышы бар?
2. Біздің ауылда қандай ұлт өкілдері тұрады?
3. Отбасы қоры дегеніміз не?
4. Ақ алтын дегеніміз не?
5. 24 айда неше жыл бар?
6. Анаңның анасы саған кім?
7. Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?
8. Туыстар арасындағы қарым - қатынасты ата.
9. Мектепті кім басқарады?
10. «Біздің ауылда әлі мектеп салынбаған болатын. Мектеп салынып біткенше біз осылай оқыдық» үзінді қай тақырыптан?
11. Туыс қыздардың балалары бір - біріне кім болады?
12. Күн мен түн неліктен ауысады?
13. Қайын жұрт пен өз жұрт арасындағы туыстық атау.
14. Ең суық ғаламшарды ата.
15. Экватор сызығы ғаламшарды қандай бөліктерге бөледі?
16. Аңыздағы хан шешімін қалай өзгертеді?
17. Жер шарында неше құрлық бар?
18. Жігіттің неше жұрты бар?
19. Ең ыстық ғаламшарды ата.
20. Қ. Қайсенов кім?
21. Еуразия материгі неше бөліктен тұрады?
22. Глобус дегеніміз не?

ІҮ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасырайын жауабын кім табады?
Көп әңгімем, өлеңім
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім?
Менде жақсы көремін. (кітап)

 Кітап қайдан шығады? Теледидардағы суреттерді пайдалана отырып кітаптың даму тарихымен танысайық.
 Кітаптың даму тарихын жазуға қажетті материалдың шығуымен тығыз байланысты.
Слайд
• Қыш кітаптар тарихы.
• Орхон - Енисей жазба ескерткіштері
• Папирус кітабы
• Пергамент кітабы
• Көне түркі жазбалары
• Ежелгі баспа жұмысы
• Қазіргі баспа жұмысы
• Атамұра баспасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап - рухани қазына
Кітап - рухани қазына
Сабақ мақсаттары: 1. Кітаптың таусылмас қазына,әрі білімнің көзі екенін түсіндіру,адам өміріндегі маңызы туралы ұғындыру Күтілетін нәтиже 1.сыни ойлаулары белсенді дамиды,өз ойларын толық,нақты айта білуге,өз көзқарастарын айтуға үйренеді. 2.Кітапты
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Адамның досы
Адамның досы
Нұрғазина Айжан Сеитқызы Бастауыш сынып мұғалімі Астана қаласы, № 53 мектеп - лицей
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×