Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлеу не үшін қажет?

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу не үшін қажет?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыра отырып, сөйлеу тілін дамыту. Оқу дағдысын жетілдіру барысында әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек сызба.

Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау - мотивациялық кезеңі.
Оқушыларға сөзжұмбақ шешу ұсынылады. Мұғалім сөзжұмбақ Шешу арқылы «Сөйлеу» әлеміне саяхатқа шығатындарын хабарлайды.
Сөзжұмбақ
1) Жылт - жылт еткен, жылғалардан өткен. (Су)
2) Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (Өрік)
3) Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (Қой)
4) "П"- дан егер бастасаң, Зоопаркте тұра алам. "Т"- дан егер бастасаң,
Ойыңды сыртқа шығарам. (Піл - тіл)
5) Шыр - шыр етеді,
Ұстасаң, сөйлеп кетеді. (Телефон)
6) Аулада бар, елде жоқ Дауылда бар, желде жоқ. (У әрпі)
Сөйлеу әлеміне жету үшін оқушылар берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді.
Оқушыларға сөжұмбақтан адамдар бір бірімен қарым - қатынас жасауда қолданатын нәрсенің атауын тауып, сол сөзге сөйлем құрау тапсырылады.
1. Сөйлеу не үшін қажет?
2. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Мұғалім сөйлеу туралы оқушылардың ойын жинақтап, сызбаға түсіреді.
(Оқушылар «Сөйлеу» әлеміне жетті.)

II. Операционалдық - орындаушылық кезең.
1 - жаттығу. Мәтінмен жұмыс:
а) Мұғалімнің оқуы.
э) Оқушыларға мәтінді кезектетіп оқыту.
б) Мәтіннің мазмұны талданады
1. Мәтінде кім жайлы айтылған?
2. Апасы не себепті Үсенге үндемеді?
3. Үсен неліктен көрінбейтін бала болғысы келмеді?
4. Үсен әдепті баланың қатарына қосылды ма? Сөздік жұмысы:
Лезде - тез арада, жылдам.
2 - жаттығу орындалады.
Білімді тиянақтауға арналған оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмалар:
1. Оқушылар сюжетті суретке қарап, әңгіме құрастырады.
Сөздік диктанты. Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу тапсырылады.
Арман мен Досжан (телефон) ұзақ сөйлесті.
Әжесі немересіне (арыстан мен түлкі) ертегі айтып берді.

III. Рефлексиялық - бағалау кезеңі: Ертеде бір Қаңбақ шал елсіз далада келе жатып, аспан әлеміне желмен ұшып кетіпті. Ол аспан әлемін қызықтап жүріп, бір кішкене планетаға кезігеді. Қаңбақ шал ол планетаның атын (не арқылы сұрайды) қалай біледі?
Балалар планетаның атын онымен сөйлесу арқылы білетінін айтады.
- Ол Меркурий планетасы екен. Меркурий планетасы Қаңбақ шалды басқа да планеталармен таныстырады.
Мұғалім оқушыларға бекіту сұрақтарын қояды.

ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 297
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлеу. Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу. Сөйлеу не үшін қажет?
Сауат ашу пәнінен күнделікті сабақ жоспары
Анаграммалар
Анаграммалар
Анаграммалар жинағы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.
Әдептілікке үйренейік! Сөз.
Әдептілікке үйренейік! Сөз.
Сабақ мақсаттары: 1. Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыра отырып, сөйлеу тілін дамыту. 2. Оқу дағдысын жетілдіру барысында әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сөйлеу және тіл не үшін қажет?
Сөйлеу және тіл не үшін қажет?
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Наубетов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×