Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ережені жаттаймыз, Өмірлерді сақтаймыз

22 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ережені жаттаймыз
Өмірлерді сақтаймыз
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып, алған білімдерін пысықтау.
2. Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.
3. Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам, машина.
Ұйымдастыру.
Көрініс.
МАИ қызметкеріеткері: Балалар, біздің Жаңаөзен қаламызда кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен. Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті. Ол кезде қоян не істеді?

Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес. Сендерге бір құпия айтайын. Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез - келген жерден зу етіп өте шығамын.
(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті. Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалады.)
МАИ қызметкері: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе? Тез келсеңіздер екен. Қоянды көшеде машина қағып кетті. Жағдайы өте нашар.
(«Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі.)
МАИ қызметкері: Ұзын құлақ сұр қояным - ай, қайғы жамылдың - ау!
Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін.
Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді)
МАИ қызметкері: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма?
Дәрігер: Қоянды ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды алып кетеді)
МАИ қызметкері: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті. Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не?
(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.)
Жасыл түс: Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал тілін
Біліп алдым мен де
Жасыл жанса демде
Алға кетем лезде
Сары түс: Сары жанса сабыр
Сақтай тұрам әзір
Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
МАИ қызметкері: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып, қоянның жағдайын білейін.
(Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.)
Қызыл түс: Мен мықтымын! 1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын.
Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады)
Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін.
МАИ қызметкері: Бұл не деген айқай - шу? (ысқырады)
Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр.
МАИ қызметкері: Енді бағдаршамсыз қалай болар екен, ә? Маған көп салмақ түсетін болды ғой.

Хормен(балалар) Дауласуды қояйық,
Жарықтарды жағайық
Бағдаршам - ау, бағдаршам,
Достасып тату болайық.!

МАИ. Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар?
Қоян: Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. Маған бағдаршам туралы айтыңдаршы, а?

1 - оқушы: Амансың ба, қоянжан!
Қорықпағын сен жолдан.
Үйретеміз барлығын,
Білеміз біз бағдаршам

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 883
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. 2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережелері туралы түсінік бере отырып, көше, жол, жаяу жүргіншілер туралы түсініктерін жетілдіру; жол белгілерін ажырата білуге үйрету, бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту; көшеде тәртіп сақтап жүруге байқампаздыққа, сақтықпен жүруге
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
Көшеде сақ бол!
Көшеде сақ бол!
Шалқар қаласы, №3 орта мектептің ҰКТ тәрбиешісі Өтепова Бақытгүл Сайлаубайқызы
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Жол тәртібін жадыңда ұста!
Жол тәртібін жадыңда ұста!
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×