Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу

22 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу. 1 - 9 - мысалдар 261 - 262 - беттер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлумен таныстыру (260: 2), көбейту және бөлудің мағынасын бекіту, математикаға деген қызығушылығын арттыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік, жұппен
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Математикалық эстафета.
65: 5 = 13
76: 2 = 38
56: 2= 26
95: 5= 19
84: 6 = 14
51: 3 = 17
38: 2= 19
87: 3 = 29
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ой қозғау. – Натурал сандарды ата.
- Неге нөлді атамадың?
- Нөлмен аяқталатын сандар қандай сандарға қалдықсыз бөлінеді?
- Нөл қандай сан? Маңызы қандай?
«Нөл» туралы өлең оқып, нөл цифрының қажеттілігін ұғындыру.

Бір кездері жұрттың бәрі,
Нөлге еш мән бермепті.
Бір қызығы нөлді санға
Қосқылары келмепті.
Егер нөлді сан деп біліп,
Қосар болсаң бір санға.
Еш өзгеріс болмас мүлде,
Қоспақ түгіл алсаң да.
Көбейткіш боп жарытпас нөл,
Бәрін жоқ қып құртады.
Көбейтінді шығар да,
Жауап берер бір өзі.
Ал бөлуге келгенде,
Жөніміз бар тосылар.
Нөлге бөлуге болмас деген,
Қағиданы есіңе ал.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру: Нөлмен аяқталатын санға жазбаша бөлу.
1. Шешуін түсіндір. № 1.
260: 2
Ауызша бөлу Жазбаша бөлу
260: 2 = 26 онд.: 2 =
13 онд. = 130
260 2
... Бірінші толымсыз бөлінгішті табамыз;
Бөлінді мәніндегі цифрлар санын анықтаймыз;
0 Бөлуді орындаймыз;
Жүздіктерді бөлеміз...
ондықтарды бөлеміз...
Бірліктерді бөлеміз...
Жауабы: 130 Жауабы: 130

2. Жұптық жұмыс. № 2. Өрнектердің мәндерін тап:
680: 2 + 60 = 340 + 60 = 400
700 – 480: 4 = 700 - 120 = 580
960: 3 – 30 = 320 – 30 = 290
860 – 360: 3 = 860 – 120 = 740
Сергіту сәті.
Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Екі шеңбер сызғандай.
Сәл кідіріп, байқа да.
Бес - алты рет қайтала.
Сұрақ: - Шеңбер қандай фигура? Ол неге ұқсайды?
- Шеңбер деген не?
- Дөңгелек деген не?
ҮІ. Өткен материалды бекіту. № 3. Заттардың жаңа бағасын тап.
Жауабы: жаңа бағалары 430 тг, 320 тг, 440тг.
№ 4. Постер құру. Топтық тапсырма.
360 тг 3 м мата сатып алынды. Егер матаның бағасын 3 есе арттырса, дәл сол ақшаға неше метр мата сатып алуға болады?
Нәтиже: Мақал:
- Темір кессең қысқа кес, ұзартуы оңай,
Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуы оңай.
- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Өздік жұмыс. № 5. Тиісті санды тауып, орнына қой.

Математикалық диктант.
Теңдеу дегеніміз не? Құрамында әрпі бар теңдікті теңдеу деп атайды.
Теңдеудің екі түрі бар: жай теңдеу және күрделі теңдеу.

№ 6. Теңдеуді құрып, оны шеш.
Берілгені күрделі теңдеу. Оны жай теңдеуге айналдырамыз.
Х х 2 = 400 + 40
Х х 2 = 440
Х = 440: 2
Х = 220

Х х 3 = 1000 – 40
Х х 3 = 960
Х = 960: 3
Х = 320

Ү. Сабақты қорыту. Біз бүгін сабақта немен таныстық?
Бес жолды өлең «Теңдеу»
Күтілетін нәтиже:
Зат есім: Теңдеу
Сын есім: Қиын, қызықты.
Етістік: Шығарылады, шешіледі, орындалады.
1) Шығармашылық жұмыс № 8.
ҮІ. Үйге тапсырма
Бағалау. Әрбір дұрыс тапсырманы геометриялық фигурамен бағалау.
5 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері туралы түсінік алады, олардың компоненттерінің жазылуына назар аударады, көбейтуді теңдеудің белгісіз компоненттерін біледі және оларды таба білуге үйренеді.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Исабаева Анар Байсалқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×