Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайнекей Жармағанбетов «Ормандағы оқиға»

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Cабақтың тақырыбы: Ормандағы оқиға

Сабақтың мақсаты: Қайнекей Жармағанбетовтың «Ормандағы оқиға» атты ертегі - әңгімесін оқып танысу. Мазмұнын түсіну, ой қорыта білу. Оқушы зейінін қалыптастыра түсу. Оқушыларды бірлікке, татулыққа шақыру.
Оқыту нәтижесі: Әңгіме мазмұны бойынша сурет сала біледі. Мәтін мазмұнын әңгімелей алады. Мәтін мазмұны бойынша ой қорыта алады
Сілтеме: Ана тілі «Атамұра» 2012 ғаламтор деректері
Көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта, орманнан келген хат, постер, маркерлер мен буклет

Тапсырмалар
Ұйымдастыру:
1. Психологиялық ахуал. Шаттық шеңбері
2. Қызығушылықты ояту. «Жоғалған аңды тап!», «Сөздерді топта!»
3. Үй тапсырмасы. Рөлдеу.
4. Сергіту сәті.
5. Жаңа сабақ. «Ой қозғау»
6. «Ойлан, топтас, талқыла!» (топтық жұмыс)
7. Шығармашылық тапсырмалар.
8. Қорытынды.
9. Бағалау.

Мұғалімнің әрекеті:
Оқушыларды ортаға шақыру. Шеңбер жасап тұрып, сиқырлы сандықшаның ішінен әріптерді суырып, сол әріптен басталатын, екі сөзден тұратын сөйлем құрап айту. Оқушылардың көңіл - күйлерін көтеріп, жаңа сабаққа бағыттау. ( Топқа бөлу, ағаш түрлері жазылған қима қағаздар арқылы)
2. Қызығушылықты ояту.
Өзектілігі: Оқушылардың жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыруын және олардың белсенділігін арттыру.
- Аң - құстар, жан - жануарлар қандай ортада өмір сүреді? Орманда қандай ағаштар өседі? Бізге мол ауа беріп тұрған түрлі ағаштар, атап айтар болсақ: емен, аққайың, қарағаш, шынар, қарағай, көктерек, шырша, самырсын т. б. және арыстан, аю, қоян, қасқыр, түлкі барыс пен сілеусін, қаршыға, қырғи, бүркіт және бөктергі сияқты аң - құстардың аттары аталып олардың табиғатқа келтірер пайдасы туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Оқушылар әрекеті: Олар сұрақтарға жауап беріп, «Ағаштар» туралы сергіту сәтін өткізеді.
А) «Жоғалған аңды тап!» ойынын ойнау. (Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан көрсетілген аңдар бейнеленген слайдтардың ішінен жоғалған аңды табу. Бірінші слайдта аңдар толықтай беріледі. Оған 1 минут уақыт жұмсап, бар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыруы тиіс, ал келесі слайд ішінен жоғалған аңның атын атап табуы керек) Бұл жерде жоғалған аң: арыстан.
Б) «Сөздерді топта!» ойынын ойнау. ( Ойынның шарты: Түстердің аттары мен бақша өнімдері оған қоса ойын ойнауға қажетті құралдар аралас берілген. Оларды 1 минут зейіндерін тоқтатып қарап алып, алдарындағы постерге үшке бөліп топтап жазу керек ) Ең көп сөздер тапқан топ жеңіске жетеді. Бұл ойын оқушылардың зейінін қалыптастыру мақсатында ойналды.
3. Үй тапсырмасын тексеру. ( Рөлдеу арқылы ) Формативті бағалау.

5. Жаңа сабақ. Автор туралы интербелсенді тақтадан Қ. Жармағанбетов туралы әңгімелеу. Қайнекей Жармағанбетов 1918 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақтың Абай атындағы педагогика институтын бітірген. Жазушылар одағында «Ара» журналының бас редакторы болып қызмет атқарған. Оның «Әнші Азамат», «Мұғалима», «Қызыл тал» атты шығармалары бар. Ол 1974 жылы дүние салған.
Дарынды оқушылармен жұмыс.
Бір күн бұрын үй тапсырмасы ретінде берілген Аққайың, Қарағаш, Тобылғы және Сексеуілдің рөлдерін ортада сомдау. ( Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу үшін талантты оқушылардың көмегіне жүгіну.) Формативті бағалау.

«Ой қозғау»
Ертегіден не түйдіңдер?
Қараағаш пен Қайыңның достығын сақтау үшін қандай ақыл айтар едіңдер?
Сендердің қай ағашқа жандарың ашыды?
«Тобылғы мұндай әрекетке не үшін барды?» - деп ойлайсыңдар

«Ойлан, топтас, талқыла!» Постермен жұмыс
1 - топ:
Достық туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Қосақ арасында шыбын өледі – дегенді қалай түсінесіңдер және ол қайсысына қатысты айтылған?
Өз бастарыңнан осыған ұқсас жағдай өтті ме?
2 - топ:
Қайың мен Қарағаштың қатты ашулануына не себеп болды?
Ертегіден қандай ой түйдіңдер?
Кейіпкерге хат.
3 - топ:
Шындығында ағаштар ашулана ма?
Жазушының негізгі ойы қандай?
Олай болса автор кейіпкерлер арқылы бізге не айтқысы келді? (Оқушылар ортада постер қорғайды) Формативті бағалау.
Шығармашылық тапсырмалар.
Үш топқа хат тарату. (Ішінде тапсырмасы бар) Аққайың, Қарағаш, Тобылғы туралы не білетіндерін ортаға салып сабақты қорыту.
Бағалау. Жиынтық бағалау.
8 424
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
"Ормандағы оқиға"
"Ормандағы оқиға"
Мақсаты: ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Қауын мен Қарбыз
Қауын мен Қарбыз
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажигалиева Гулзира Ажигалиевна
Ормандағы оқиға
Ормандағы оқиға
Бастауыш сынып мұғалімі: Досанова Гульмаржан
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Садуова Қаламқас Құмарғалиқызы
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×