Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мейірімділік

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік. /Шығармашылық жұмыс/
Сабақтың мақсаты:
- мейірімділік қасиеті жөнінде ұғымдарын кеңейту:
- мейірімділікке баулу;
- құнды қасиеттерді дамыту.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, оқулық және дәптермен жұмыс, ойын, сұрақ - жауап, интербелсенді әдіс.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті суреттер, интербелсенді тақта, үнтаспа, ноутбук.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
І. Рефлексия:
Балалар шеңбер құрып, қолдарын бір - бірінің алақандарына қойып, көздерін жұмып, баяу әуен ырғағымен қимыл жасайды.
- Балалар бұл өмірде біздер үшін маңызды заттар көп. Біз соларға қол жеткізу үшін үнемі талпынамыз. Жанымыздағыларға жақсылық жасағымыз келеді. Ал ол үшін біздің жүрегімізде мейірім нұры болу керек. Мейірімділік әр адамда бар. Тек оны дер кезінде көрсете білу керек. Мен сіздердің барлығыңызды мейірімді болуға шақырамын.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: МЕЙІРІМДІЛІК. Сабағымыз көңілді өту үшін, сабақтың ұранын айтып бастайық.
Оқушылар сабақтың ұранын айтады:
Бал араша тынбаймыз,
Білім балын жинаймыз.
Мектеп ана өзіңе біз,
Бестіктерді сыйлаймыз.
Таратпалар арқылы оқушыларды топтарға бөлемін. Бағалау парақшаларын тарату. Бұл парақшалар топ басшыларына және әр бір оқушыға жеке беріледі, критерийлерді сабақтың басында құрып аламыз, сол критерийлер бойынша оқушылар өзін - өзі, топ мүшелерін, топ басшысын және мұғалімге де баға бере алады.

Негізгі бөлім:

ІІ. Тыныштық сәті.
- Үнтаспадан “Ана қадірі ” әнін тыңдау.
- Қазіргі сәтте кімді еске түсірдіңдер?
- Аналардың қандай кереметі туралы ойландыңдар?
(Мейірімділік)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Тапсырмалар орындау сәті
Интербелсенді тақтада бейне клип көрсету. Бұл табиғат туралы көрсетілім. Сын тұрғысынан ойлау модульін қолдану
“Мейірім” тақырыбына фостерлер жасап, сурет салу, тақтада қорғау.

ІҮ. Сергіту сәті
Көңілашар
Бұл мұғалімнің басшылығымен түрлі қимыл жасау арқылы орындалады.
Ағаш табиғаттың баға жетпес берген байлығы, қане біз ағаш болып көрейікші. Қолдарымызды жоғары көтеріп, ағаш қалпына кіреміз және жел соққанда ағаштардың әрекеттерін орындаймыз,
Мұғалім: жел оң жақтан, сол жақтан әр тараптан соқты деп айтады, оқушыылар дене қимылдарымен орындайды.

Ү. Дәптермен жұмыс
Бейне көрсетілім «Ана жүрегі», Адхамбек Юлдашевтың «Не істедім - Анама деп» деген бейне ролигін көрсету
Оқушылар «Мейірімділік» тақырыбында шығарма жазады, өз ойларын дәптерлеріне жазады.
Қорытынды:

1. Сабақты аяқтап оқушылардың бағалау парақшаларын, оқушылардың жазған шығармаларын жинап алу, үйге тапсырманы түсіндіру, БББ стратегиясы бойынша рефлексия жаздыру

2. Үйге тапсырма: а) Өткенді қайталау
ә) Аналар - «Ана табиғат», «Жер ана», «Күн ана» тақырыптарында неге «ана» сөзі қолданылып отыр, олардың ортақ қасиетін тауып, өз ойларын жазып келу.
4 100
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну; жақсы - жаманды ажырата білуге адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Мейірімділік әлеміне саяхат
Мейірімділік әлеміне саяхат
Әулиекөл ауданы, «Айгөлек»балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Нашен Гүлмира Сагантаевна
Оқушыларға және ұстаздарға арналған тренинг сабақтар
Оқушыларға және ұстаздарға арналған тренинг сабақтар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің психологы Садуова Гүлназ Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×