Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су. Судың қасиеті

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Сабақтың мақсаты: 1. Су туралы ғылыми түсінік қалыптастыру
2. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың қасиеттерімен танысады
3. Суды таза сақтауға, ұқыптылыққа үйретіп тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап тәжірибе, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
Пән аралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, математика.
Сабақтың көрнекіліктері: Сызба, табиғат туралы суреттер, кесе, тарелка, үнтаспа, венндиаграмма.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
І. Қызығушылықты ояту.
1. Балалар жылдың неше мезгілі бар?
2. Қазір жылдың қай мезгілі
3. Әр мезгіл неше айдан тұрады?
4. Қазір күздің нешінші айы?

А. Құнанбаев «Күз» өлеңін оқушы оқиды.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоңғаны ма тойғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
Адамдар қысқа қалай дайындалады?
Табиғат деген не? Табиғат нешеге бөлінеді?
Табиғат
● Өлі табиғат
Ауа, су, тау,
Тас, жер, күн, ай, жұлдыз.
● Тірі табиғат
адамдар, жануар
өсімдік
Топқа бөлу.
І топ: Су
ІІ топ: Ауа
ІІІ топ: Табиғат
ІV топ: Адам
V топ: Өсімдік

Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ауаның табиғаттағы пайдасы
2. Адам өміріне ауаның пайдасын дәлелде
3. Ауаның шаруашылықтағы маңызы

ІІ. Жаңа сабақ
Стақанның екінші ыдысқа судың сылдырын тыңдау.
- Балалар, бұл ненің дыбысы?
- Су қандай зат?
- Судың түсі қандай?
- Судың пішіні барма?
- Суды қандай жерлерде кездестіруге болады?

Тәжірибе жасау:
1. Бір ыдысқа сүт, екінші ыдысқа су құю. Екеуін салыстыру. Су түссіз.
2. Колбаның астына, дөңгелек, шаршы, төртбұрыш әртүрлі фигуралар қойып, судың мөлдір екенін анықтау, иісін иіскету. Су иіссіз.
3. Судың пішінін, көлемін анықтау бөтелкеге, стаканға, кесеге, сол ыдыс сияқты, болып тұрады. Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда су тамшылары қалады. Су жұққыш.
4. Ыдыстағы суға матаны сулау. Су жабысқақ, су аққыш, ол сұйық.

Топтастыру жұмысы:
Су

Иіссіз, сұйық, түссіз, аққыш, мөлдір, пішіні жоқ,

Дәптермен жұмыс:
Су - бу - мұз сөздерін пайдаланып әңгіме құрату.
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді аз - аздан оқыту.
Топпен жұмыс:
І топ: Су тобы. Су туралы мақал – мәтел жазу.
Сулы жер - нулы жер.
«Таудың көркі бұлақ»
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
ІІ топ: Ауа тобы. Су туралы тыйым сөздер жазу.
Суға түкірме.
Судың бетін ашық қалдырма.
ІІІ топ: Табиғат тобы. Табиғат туралы суреттер салу.
ІV топ: Адам тобы. Су туралы өлең жазу.
Шаршағаныңды басатын
Сарайыңды ашатын
Су болмайды қашанда
«Қайнаған судан асатын»!

V топ: Өсімдік тобы. Мәтіннен бір сөйлемді оқып, оны қорғау.
Сусыз тіршілік жоқ.
Жұмбақ.
1. Қанатсыз құс қалқып барады.
Көзінен жасы тамшылап барады. (Бұлт)

2. Жылт - жылт етеді
Жылғалардан өтеді.(Су)

Сергіту сәті:
Ал балалар бір ауық,
Дұрыс бұрысты ұзалық.
Дұрыс болса отырып
Бұрыс болса тұралық

Суды жейміз (тұр - бұрыс)
Суды ішеміз (отыр - дұрыс)
Сумен жуынамыз (отыр - дұрыс)
Су қатпайды (тұр - бұрыс)
Су сұйық (отыр дұрыс)

Адам ағзасына үнемі қорек қажет, яғни таза ауа,
жеміс - жидектер, көкөністер, тамақ, су керек. Судың қасиеті - қатты, сұйық, бу күйінде болады.
10 757
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері: жаз, күз. белгілері
Жыл мезгілдері: жаз, күз. белгілері
Мақсаты: Білімділік: Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Сын есім
Сын есім
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Күзгі суретші
Күзгі суретші
Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан, Білмеймін, тойғаны, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×