Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

26 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Етістік заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуге үйрету.
2. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қортынды шығара білуге үйретіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың мейірімділік, адамгершілік, танымдылық сезімдерін ояту.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, стратегиясын пайдалану.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, тірек сызбалар топтамасы. түлкі, тауық,, балапан, қоян, ит, торғай, керік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Тренинг.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Осы қонақтарымыздың және өздеріміздің көңілдерімізді көтеру үшін, бір - бірімізге қарап, күлкі сыйлайықшы, әрі өзімізге сабақта сәттілік тілейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, бүгін сабағымыз «Балапандарды құтқару» ойнына арналады. Жаймашуақ ашық күнде балапандармен қыдырып жүрген тауықтың балапандарын аңдамай тұрғанда түлкі ұрлап әкетеді.
- Енді біз тауыққа көмектесейік. Түлкі бізге сандық беріп жіберіпті. Ішінде тапсырмалар бар екен. Егер осы тапсырмаларды орындасақ, түлкі балапандарды бір - бірлеп қоя береді.
-- Балапандарды құтқарамыз ба? Ендеше түлкінің тапсырмасын орындап көрейік.(сандықты ашып тапсырманы оқу)

1 - тапсырма. Жұмбақ шешу.
Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (шешуі: қоян)
- Қоян сөзіне сұрақ қоямыз. -- Не? -- Қай сөз табынан сұрағы?
- Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Зат есімнің қандай түрлерін білеміз?
- Балалар, сендер сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, сөйтіп бір балапанды құтқардық.
- Балалар, қоян сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- Бес дыбыс. төрт әріп.
- « Қоян» сөзіндегі бірінші дыбысты атаңдаршы.
- Ендеше дәптерлеріңе бүгінгі күнді және Қ қ әрпін әдемілеп жазамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар түлкінің келесі тапсырмасын орындайық.
Шаршыларды жұлдызшалардың өсу ретіне қарай орналастырсаң сөз шығады сол сөз туралы ойыңды айт.
- Етістік дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтір.
Карточкамен жұмыс: Берілген зат есімдерге тиісті етістіктерді жалғап жаз.
Шырша өсті. Теңіз толқыды. Зымыран ұшты.
- Балалар сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Екінші балапанды құтқардық.
Балалар, өткен сабақтағы зат есім сияқты етістіктің түрлерін алдағы сағаттардан білетін боламыз.
Етістік тұлғасына қарай негізгі, туынды. Мағынасына қарай болымды, болымсыз. Құрамына қарай дара және күрделі екенін білетін боламыз.
Оқулық материалдарымен жұмыс. Түлкінің үшінші тапсырмасы.
- Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1 - жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалары:
- өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу;
- етістіктерге сұрақ қою;
- дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу;
Жарайсыңдар үшінші балапанға жақсы көмектесе алдыңдар.
Түлкінің төртінші тапсырмасы 2 - жаттығуда орналасқан. Кім оқиды? Сен білесің бе? Сөйлемдерді түсініп оқы. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын айт. Көрнекілік арқылы қосымша танымдылық мақсатында түсініктер беремін.
- Балалар бұл жолында төртінші балапанға көп көмек көрсеттіңдер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 033
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Етістік
Етістік
Алматы қаласы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Уразымбетова Алтын Маратқызы
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Мейрамкул Елемесқызы
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Етістік
Етістік
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Ақзейнеш
Етістік
Етістік
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×