Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс. А. Құнанбаев

01 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердешева Жадыра

Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев
Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Міндеттері:
1. Қыс мезгілі, оның ерекшеліктері жайлы өлең арқылы түсіндіру. Мәнерлеп оқуын жетілдіру.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету қабілетін салыстыру мүмкіндіктерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған жерінің табиғатын сүйе білуге баулу.
Көрнекіліктер: Абайдың суреті, қыс мезгілінің суреттері, музыка.
Әдістері: Сөздік, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру.
Типі: Жаңа сабақ.
Ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиалық проектор.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата.
- Бүгінгі ауа райы туралы не айтасыңдар?
- Ал ендеше жұмбақ шешейік.
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.

3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр –
Қатты – ақ.

4. Қанаты жоқ - ұшады.
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ – ұлиды.
- Енді қыс дегенде ойларыңа не келетінін топтастырып жазыңдар. (дәптермен жұмыс)
- Қыс несімен сендерге қызықты?
- Қыста ауа райы үнемі осылай жақсы болып тұра ма?
- Мына суреттен ауа райының қандай түрі белгілі болып тұр?
Ендеше бүгін біз сендермен Абайдың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы мағлұмат. Абай Құнанбаев
Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Тізбек бойынша 1 шумақтан мәнерлеп оқыту.
Өлеңді талдау. Түсініксіз сөздермен жұмыс.

Сөздік жұмысы.
Соқыр – көзі көрмейді.
Мылқау – естімейді.
Долданғанда – ашуланғанда.
Алты қанат ақ орда – керегеге байланысты киіз үйдің үлкендігі.
Суреттен керегені көрсету. Неліктен алты, он екі, жиырма төрт қанатты екенін түсіндіру.

3. Бекіту.
Сұрақтармен жұмыс.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Ақын қысты кімге теңейді?
2. Абай өлеңіндегі адам бейнесінде айтылған қысты сипатта.
3. Өлеңде балалар туралы не айтылған?
4. Малшы туралы ше?
Қар қыста қай кезде сықырлайды?
- Мына суретті ақын өлеңімен салыстыр. Қандай ұқсастығы бар.

Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Өлеңді жаттау.
2. Ақынның қысты суреттегенін пайдалана отырып шығарма жазу.
9 681
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.
«Күз» Абай Құнанбаев
«Күз» Абай Құнанбаев
Күз өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай. Жазғытұры
Абай. Жазғытұры
Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Қыс. Абай Құнанбаев
Қыс. Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Абай Құнанбаев "Қыс"
Абай Құнанбаев "Қыс"
Сарина Кенжегүл Жақыпбекқызы №8 жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×