Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық әліппесі

02 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
2 - сынып.
Тақырыбы: Денсаулық әліппесі
Мақсаты: білімділік – жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;
тәрбиелік – денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақты, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу;
дамытушылық – сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Көрнекілігі: үнтаспа, нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, карточкалар, тірек сызба.

Барысы.
Таңертеңгілік жиын. Оқушылар шеңберге тұрады. Психологиялық тренинг.
Үнтаспамен ән орындалады.
Бізге алтын күн нұр шашады,
Жылуымен бізді құшады.
Қуанамыз, шаттанамыз біз
Мақтан тұтып мектеп, ананы.

Білімге құмар пәк баламыз,
Әсем әнге біз саламыз.
Жадырап көктемнің гүліндей
Өсеміз біз, құлпырамыз.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін!
- Байлық дегеніміз не?
Оқушылар байлықтың мағынасын тірек сызба арқылы түсіндіреді. М. Дулатұлының «Байлық» әңгімесі бойынша қойылым көрсетіледі. Сарапшылар сөзін тыңдай отырып, тақтада байлық сөзінің сызбасын шығарып, ең үлкен байлық денсаулық екенін айтады

«Денсаулық» атты сызба бойынша жұмыс.
Мұғалім: Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (Сызба көрсетіледі, сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ өз ойларын ортаға салады.)

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады. Сондықтан 3 топқа бөлініп отырайық.
1 – топ «Шымыр»
2 – топ «Денсаулық»
3 – топ «Сымбат»
Денсаулық дегеніміз – жанның, тәннің, рухани ішкі дүниенің үйлесімділгі, бір – біріне мейірімділігі. «Денсаулық – зор байлық» деген халық мақалы бар.
Денсаулық – табиғи заңдылық, ауру – кездейсоқтық. Сондықтан да аурғаннан гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алған жеңіл.
Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшыларымызбен танысып алайық. (Әділқазылар алқасымен таныстырлады.)
Әр бөлім соңында топтардың жұмыстары бағаланады. Бағалау 5 балдық жүйе бойынша.

I бөлім «Таныстыру»
Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң, шымыр боларсың».

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық кенін түсіндіру. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш – қуатын молайту.
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Денсаулықтың достары мен қастары
Денсаулықтың достары мен қастары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жайтакова Ботагөз Түлепкерейқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Ең үлкен байлық - денсаулық
Ең үлкен байлық - денсаулық
СҚО, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Мұхамеджанова Ботакоз Аскерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×