Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

09 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылатын сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатының меңгерту; байланыстырып сөйлеуін дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту; ақылды, білімді болуға және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
С абақтың типі: жаңа білім меңгеру

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені.
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Балалар, туған тіліміз, қазақ тілі, сабағына қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық.:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
- Балалар, барлығымыз қол ұстасып тұрайық, жолдасымыздың алақан жылуын сезінейік. Бір - бірімізге қуаныш, шаттық сыйлайық. Мен сендердің бүгінгі сабақта зейінді, белсенді болуларыңды қалаймын және сәттілік тілеймін. Біз бүгінгі сабақта адам өмірі үшін өте қажет нәрсе туралы сөз болмақ. Сендер қалай ойлайсыңдар адам өмірі үшін не керек?
- Барлық жауап дұрыс. Бүгінгі сабақта әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға сыйлық ретінде әлемнің әр түпкірінен келген нақыл сөздер шығады. Сендер оны өз ақылдарына түйеді деп ойлаймын.

Дәптерге бүгінгі күнді жазу. Көркем жазу: Шш

2. Дайындық кезеңі. «Миға шабуыл» стратегиясы.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
- Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?
- Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
Слайдта көрсету.

Слайдта шығатын даналық сөз: Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: біріншісі, тәжірибе жолы – ең ащы жол, екіншісі, ұқсау жолы – ең жеңіл жол, үшіншісі, ойлау жолы – ең таза жол. (қытай мақалы)
3. Жаңа тақырып.

а) Қараторғай, қарлығаш, үйрек жылы жаққа ұшып кетті.
Біз орманды, өзенді, көлді қорғаймыз. (сөйлемдерін сөйлем мүшелеріне талдату)

Қорытынды жасату. Ережемен таныстыру: Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз. Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
ә) 178 - жаттығуды бір сөйлемнен талдап, жаздыру.
Даналық сөз: Ақылмен арыстан да ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың. (Махмұт Қашғари).

б) «Шатастырмақ» ойыны.
Үйрек
Қызылша
Қасқыр
Баршагүл

Аю
Бұрыш
Картоп
Қалампыр

Қызанақ
Қаз
Қарға
Түймедақ

Тапсырма: шатасқан сөздерді үлгі бойынша топтастыр, ортақ сөзбен ата, сөйлем құра.
в) Өлең жолдарынан сөйлемнің бірыңғай мүшелерін таптыру.
Нұрымен ақ таңның боялған,
Өлкеміз ұйқыдан оянған.
Күтуде асқар тау, сай, орман,
Жорыққа, сапарға даярлан.

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.
Тулаған аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шоршып.
Даналық сөз: Даналық білмеуден қорықпайды, күмәнданудан, еңбектен, зерттеуден қорықпайды. Бір ғана нәрседен – білмейтінін білем деуден қорқады. (Лев Толстой).
г) суреттермен жұмыс: бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 689
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×