Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санды 9 - ға көбейту кестесі

06 қараша 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды 9 - ға көбейту кестесі
Сабақтың мақсаты:

а) 9 - ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. 9 - ға бөлу, кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару.
ә) ұлттық дүниетанымын байланыстыра отырып, ой - өрісінің ауызша есептеу қабілетін дамыту.
б) сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке, ұйымшыл болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі: дамытпалы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ізденушілік, ойын сұрақтар, СТО.
Сабақтың типі:Жаңа сабақты игерту
Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, сынып тазалығы
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқушы назарын сабаққа аудару

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
«Ғалымдар патшасы»- деп дараланып,
Математика қызыққа тоймайтұғын.

- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, сендерге әр ісімізге сәттілік тілеймін.
Біздің апталығымыз қалай аталады?
«Математика адам үшін, адам математика үшін жаратылған» тоқталу

Үй жұмысы
«Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.
№9 тапсырма. Электронды оқулықтан периметрін табуды пысықтау.

Жаңа сабақ
Бүгін біз топтармен жұмыс жасаймыз.
Алғырлар. Білгірлер. Тапқырлар.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерін пайда болуы кезеңін тамашалаймыз. Сандарға тоқталу: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
Сыйлыққа тоқталу.

Ойланайық бір мезет,
Бақылайық, байқайық.
Есептерді шығарып
Жауап берген балаға
Күн шуағын сыйлайық!- деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалаймын.
Күлімдеген күн –«5»
Мұңайған күн –«4»
Жылаған күн –«3»
Тапсырма:
Тоғыз бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыр. 9+9+9+9+9+9+9+9+9=9*9

81 дәптерді 9 балаға нешеден бөліп алады? 81: 9=9
- Барлығында 9 шықты, бәрекелді! Енді бүгінгі сабағымыз Санды 9 - ға көбейту кестесін түсіндіру.
9*9=9*8+9
9*9=81
81: 9=9
Электронды оқулық.
Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?- Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін, есептерді жеңілдету үшін қолданамыз.
Көркем жазу.
9 - цифрын көркемдеп жазайық.

№2 тапсырма. «Тоғызқұмалақ ойыны»
Бұл тапсырманы дұрыс орындасақ, тоғызқұмалақ ойынының ережесін білетін боламыз.
А) 18 банан мен 36 апельсин 9 балаға тең бөлініп берілді. Әр бала неше жемісін алды?
18: 9=2
36: 9=4
4+2=6
ә) 15 сәбізді 5 қоян тең бөліп жеді. Осылайша бөліп жесе, 24 сәбізді неше қоян жейді?
15: 5= 3
24: 3=8

№3 тапсырма «Кім тез ойлайды?» ойыны арқылы ауызша орындаймыз.
А) 9*9
9см*9
81: 9
81см: 9
10см*9
90*9
90см*9
810: 9
810см: 9
100см*9

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 873
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін жаңа технологияның элементтерін тиімді пайдалана отырып деңгейлік тапсырма беру барысында оқушыларға тақырыпты ұғындыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; жылдамдыққа,
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акоразова Бактыгул
7-ге көбейту және бөлу кестесі
7-ге көбейту және бөлу кестесі
7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. 7-ге бөлу, кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару. 7 саны туралы ұғым беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×