Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баубек Бұлқышев «Ана»

10 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ана.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту.
Дамытушылығы: оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру, шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелігі: бала бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың көрнекілігі: Б. Бұлқышевтың суреті, мәтін мазмұнына сай суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) О. Бөкейдің «Апамның астауы» мәтінін оқып, мазмұнын айту. (3 – 4 оқушы мазмұнын айтады)
ә) Шығармадан ұнатқан үзінділерін жатқа сұрау.
б) Әр топқа берілген тапсырмаларды сұрау.
І топ. Өз анаңа немесе әжеңнің портреттеріне суреттеме және мінездеме жазу.
ІІ топ. Ана туралы өлең құрастыру және әңгімедегі сөз болған қолөнер түрлерін санамалап ата.
ІІІ топ. Ана туралы мақал – мәтел жинастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ
а) Кіріспе әңгіме
- Үйге берілген тапсырмалар бойынша әрқайсың өз аналарың жайлы жылы лебіз, жақсы – жақсы ой толғап келіпсіздер. Бүгінгі сабағымызда да ана тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Барлық анаға тән ізгі қасиеттер мен ананың құдіретін танытатын әсем де әсерлі жолдармен оқулығымызды тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Баубек Бұлқышевтің «Ана» деп аталатын шығармасы.

ә) Автордың қысқаша өмірбаяны
Автордың портреті
1916 жыл Қарағанды облысы, Жезді ауылында туған.
1944 жылы ерлікпен қаза тапқан Украинада.
Өте сауатты, білімді Ұлы Отан соғысына қатысқан Аға лейтенант

Шығармалары орыс, қазақ тілдерінде
«Есімізде қанды майдан жорықтар», «Балалық шақ», «Заман біздікі»

б) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.( Мәтін оқылып жатқанда күй әуені ойналып тұрады, тақтадан ана суреті көрсетіледі)
в) Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту. Оқыту кезінде түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілейді.
ғ) Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу.
1. Мәтінде ананы неге теңейді? (теңізге өйткені теңіз терең, сол сияқты ананың тілі, тілегі, махаббаты шексіз терең)
2. Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерді қалай түсінесіз?
Сызбадан түсіндіру

4. Дүниеде не қымбат? (Ана)
- Ана неден қымбат? (Бәрінен)
- Бұны қалай түсінесіз? «Бәрі» ұғымына не кіреді?
Ананың аялы алақанына, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де үлкен.

5. Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)

6. Құндақта сөзін қалай түсінеміз?
Құндақта (жөргекте, нәрестелік шақ)

7. Мәтінде «Ананың жол басқа» делінген, басқаны қалай түсінеміз?
- Бұл ананың өмір жолы басқа деген сөз. Ол бәрінен ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ол бізге жарық өмір сыйлайды, сондықтан ананың орны бөлек. Ананы ешкіммен теңестіре алмаймыз. Ана – құдіретті ұғым!
8. Ана деген сөз ыстық дейді. Себебі ана деген сөз бойға жылу таратады. Сондықтан да ыстық. Сол себепті де «Ана дегенде толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес» деп айтамыз.
- Осы тіркестерді қалай түсінуге болады?
9. «Толқымайтын жүрек» тіркесін талдау.
- Адам жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 831
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын айтуға машықтандыру. Балалардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата - ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту. Олардың білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу.
«Ана» Ғали Орманов
«Ана» Ғали Орманов
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Мустафаева Биғайша Абубакировна
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
ШҚО, Семей қаласы «№ 16 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Раушан Турсыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×