Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойлан, тап!

23 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тақырыбы: Ойлан, тап! Интеллектуалдық ойын
Мақсаты: 1. Оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, өз - өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, тез әрі жауап қайтару.
2. Оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына қатысуға дайындау. Ойлау қабілеттерін, зейін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке, сапалылыққа, білімді, дарынды, озық болуға үйрету.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Мұғалімнің сөзі
Бүгін сіздер 2 сынып оқушыларының «Ойлан, тап!» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер! Халқымыз жан - жақты адамды «Сегіз қырлы, бір сырлы»дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның білімі. Олай болса бүгін 2 сынып оқушылары алған білімдерін ортаға салады. Оқушыларға сәттілік тілейік.
ІІІ. Әділқазы алқасын сайлау.
ІҮ. Ойын.
І. « Сәлемдесу».
ІІ. « Ұранын айту».
ІІІ. «Шығарманың атын тап»
ІҮ. «Халық ертегілері»
Ү. «Он сөзден бастайық»
ҮІ. «Өлеңді жалғастыр»

І тур «Ұранын айту»
«Тұлпарлар» тобы
І тур «Сәлемдесу»
«Тұлпарлар» тобы
Сәлемдесу:
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз!

«Арғымақтар» тобы
Сәлемдесу:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бар екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

ІІ тур «Ұранын айту»
«Тұлпарлар» тобы
Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске!
«Арғымақтар» тобы
Ұраны:
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
ІІІ тур: «Шығарманың атын тап»
Шығармалардан үзінділер оқылады ойыншылар шығарманың атын және авторын табу керек.
1. «... Қартқожа жазық далада. Көйлекшең, жалаңбас. Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып - шып шығып, кітабын оқып жатыр....» /Жүсіпбек Аймауытов, «Кітап оқу»/
2. «Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы болды».» / Сапарғали Бегалин «Зеректік»/
3. «.. Арыстан көлге шомылуға кетеді. Арыстан келгенше түлкі есектің шекесін теседі де, миын сорып, түгел жеп қояды..» / «Аңқау арыстан»
Ертегі/
4. «... Бір тойда ашқарақ біреу қомағайлана ішіп - жегенімен қоймай, қалтасына құрт пен ірімшікті сала береді...» /Аңыз «Қожанасыр мен ашқарақ»/
5. «... Қас қарайды. Қой қотанға келді. Арбаны төңіректеп, сүйкеніп сиырлар тұр. Үй басы есік алдында о жағып, кешкі сиырдың сүтін пісіріп жатыр» / Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожаның туған жері»/
6. « Бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа – үшеуі кімнің жақсы мекені, жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шықты...» /Сәкен Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?»/
7. «... Желтоқсан жұлдызы. Қар көптеп жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптаған. Жұрт үстімен жүре бастады...» / Міржақып Дулатов «Қыс»/.
8. «... Балапан қанат қақты... Жас еді. Қанаты да қатып жеткен жоқ еді. Амалсыз қақты.» / Мағжан Жұмабаев «Балапан қанат қақты»/
9. «... Ата қартайып, күші кеміді: нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды....» / Спандия Көбеев «Атасы мен немересі.»/
10. «... Бір жарлы шал есекке мініп келе жатыр еді, балалар есектің бақырған даусын естіп, шалға: «Неге есегіңді өлең айтуға үйреттің?»- дейді» /Спандияр Көбеев «Шал мен балалар» /

ІҮ тур: «Халық ертегілері»
Жүргізуші ертегіден үзінді оқиды. Ойынға қатысушылар ол ертегінің атын айтады.
1. « - Бұдан былай, араздықты қояйық, тату - тәтті өмір сүрелік! Сол үшін біздің ауылға келіңдер, құшақ жайып қарсы аламыз, сый - сияпат көрсетеміз...» / Мысық пен тышқандар/.
2. « Содан бері түйе күл көрсе, тышқанды таптамақ болып, күлге аунайды. Ал жылдың басы түйе емес, тышқан болыпты....» /Түйе мен тышқан/
3. «...- Уа, ием, менің соңғы тапқан жұмыртқамның ішінде алтын сақина бар. Соны ал да, мені босат...» /Сақина/
4. «...- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай молса, сол мұрагерім болады...» / /«Байлық пен ақыл»/.
5. «...- Мен сені жері отты, суы мол, оңаша бір шабындыққа ертіп барайын. Сонда жүріп семір, сайранда,- дейді» /Аңқау арыстан/.
6. «...- Достым, сөз тасып сыбырласудың керегі жоқ еді. Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді,- депті.» / «Қасқыр мен түлкі» /.

Ү тур:«Он сөзден бастайық»
Жүргізуші ретпен сөйлемнің сөздерін оқиды. Ойыншылар ертегінің атын шешуі керек. Кім тез айтса, сол жеңімпаз атанады.
1. «егінші таң сәріден егін орып, шаңқай түсте демалады. Аздап тыныққан...» / «Егінші мен қасқыр»/
2. «Жақсылық шаршап - шалдығып, арып - ашып, кешке жақын күркеге келеді. Ішіне кірсе....» / «Жақсылық пен Жамандық»/
3. « Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді айламен аулағысы келді.....» / «Арыстан мен түлкі»/
4. «Шал Қазбайдың ауылына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан....» / «Ұр, тоқпақ»/
5. «- Ойбай! Бауырым - ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті...» / «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас»/.
6. «- Е, аңқаулар, амалымызды асырдық па?- деп тепсінеді де, мысықтап лап....» / «Мысық пен тышқандар»/

ҮІ тур: «Өлеңді жалғастыр»
Жүргізуші өлеңді бастайды, ойыншылар жалғастырады.
1. Бір, Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық.
/Оқығанды көңілде,
Ықыласпен тоқылық/ Ы. Алтынсарин

2. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
/ Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан / Абай.

3. Қарашы далаға,
Реңі сары ала.
/ Пісті алма албырап,
Сарғайды бал құрақ./ Жеңіс Қашқынов «Ұнатам күзді мен»

4. Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай жүрісің?
/ Белгілі тұрағын жоқ,
Бас түгіл құлағын жоқ / «Бидай мен Қаңбақ» Асқар Тоқмағамбетов.

5. Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт – берекең - атаң қымбат,
/ Аймалайтын – анаң қымбат,
Мейрімді - апаң қымбат.........../ Қазыбек бидің сөзі
6. Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар.
/ Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем /. Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Ү. Ойынның қорытындысын тыңдау.
ҮІ. Жеңімпаз топты марапаттау.
8 906
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Мемлекеттің тәуелсіздігі халқының бақыты
Мемлекеттің тәуелсіздігі халқының бақыты
16 желтоқсан мерекесін негізге ала отырып, бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Жалпы өнерді құрмет тұту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылыққа тәрбиелеу
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Информатика және біз
Информатика және біз
Информатика пәні мұғалімі: Лаура Сарсенова Нұрадинқызы
Кім жүйрік ойға - сол алда
Кім жүйрік ойға - сол алда
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №2орта мектебінің бастауш сынып мұғалімі Дихамбаева Галия Амиржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×