Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Еріншек" Шәкәрім Құдайбердіұлы

24 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Тренинг ережелерімен таныстыру.
1. Бір - бірін сыйлау.
2. Ұзақ уақыт сөйлемеу
3. Көңілді болу.

Шаттық шеңбері.

Топқа бөлу
Білімділер тобы
Еңбекқорлар тобы
Зейінділер тобы

Үй тапсырмасын сұрау
С. Мұханов кім?
Жылқы туралы әңгімелер, қосымша деректер.
Қызығушылықтарын ояту сөзжұмбақ

Сұрақтар ------------------------------------Жауаптың бас әрпі ----------Толық жауап
Қазақстан қай материкте орналасқан? -------------------Е ---------------Еуразия
Сан есім түрі----------------------------------------------- Р --------------Реттік
Инабатты, ибалы сөзіне мәндес сөз ----------------------І ---------------Ілтипатты
Анаңның туысы --------------------------------------------Н --------------Нағашы
Жердің пішіні қандай? -------------------------------------Ш -------------Шар тәрізді
....... тапқан нан тәтті --------------------------------------Е--------------- Еңбекпен
Жеті септіктің соңғысы ------------------------------------К--------------- Көмектес

Ой ашар
Шәкәрім туралы не білеміз?
Ш. Құдайбердіұлы 1858 жылы 11шілдеде Шығ. Қаз. облысында туылған. Қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі. Жастайынан әкесінен жетім қалған. Немере ағасы Абай Құнанбаевтың тәрбиесінде өседі.
Шәкәрім өлеңдерің негізгі объектісі - адам. Ол адамды жақсы қасиеттерге жетелеп, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылады. Шәкәрім «Адам деген атыңда қалам десең күн - түн демей ғылым ізде» деген екен.

(суреті көрсетіледі)
Ақын және философ Шәкәрімнің (1858 - 1931) орыс тілінде алғаш жарық көрген кітабының мұқабасы
Шәкәрімнің шығармалары

Ой қозғау
Еріншектік неден пайда болады?
Салақтықтан
Еріншектік
Надандықтан

Еріншек сөзінің мағынасы қандай?
Өлеңді мәнерлеп оқу
Еріншектен – салақтық,
Салақтықтан – надандық...
Бірінен – бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Жүрейін десең, тұрғызар,
Төсекке мойын бұрғызар.
Аналар да жүр ғой деп,
Біреуді мысал қылғызар.

Іс қалдырмас еселі –
Ең білімнің кеселі.
Кірсе бойдан шығу жоқ,
Күн сайын өсер бес елі.
Төбеңді сөйтіп теседі,
Орныққан сайын өседі.
Ғибадат жоқ, өнер жоқ,
Бәрінің жолын кеседі.
Еріншек таза жүре алмас,
Кірі – қолын жуа алмас.
Харекет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.

Даулассаң желдей еседі,
Өзі айтып, өзі шешеді.
Үйір болған кісілер
Жан тыныштық деседі.
Жан тыныштық бұл емес,
Жан дененің құлы емес.
Өзің байлап бересің,
Жан жұмысы ол емес.
Еріншек, ашу, құмарлық –
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы осы,
Кісі болса ұғарлық...
Білімділер тобы
Өлеңге сүйеніп еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды толықтырып жазады
Еңбекқорлар тобы
Еріншектік, жалқаулық туралы мақал - мәтел жазады
Зейінділер тобы
Еріншектік, жалқаулық туралы автордың қорытынды ойын қандай екенін түсіндіреді

Шәкәрім атамыздың өлеңіндегі, салақтық, надандық, еріншек, ашу, құмарлыққа мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап.
(Тазалық, адамдық, еңбекқор, сабыр, қанағатшыл)

Осы тақырыпқа ұқсас Абай атамыздың қандай өлеңі бар?
Бес нәрсе
Асық - Қашық
Талап - Өсек
Еңбек - Өтірік
Терең ой - Мақтаншақ
Қанағат - Еріншек
Рақым - Мал шашпақ

Түртіп алу
Қарекет - әрекет
Ғибадат - өнеге
Кесел - сор, дерт

Менің түйгенім
Ақын бізге не айтқысы келген?

Венн диаграммасы.
Еріншек Еңбекқор
Кері әсер парағы
1. Сабақта не істедік?
2. Сабақта не үйрендік?
3. Қандай сұрақтарың бар?
Бағалау
Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу. Ш. Құдайбердіұлы туралы қосымша дерек жинау. Әңгіме құрастыру
Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 106
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест. Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тест. Әдебиеттік оқу 3 сынып
1. Мұхтар Әуезовтің шығармасы? а Қыс в Күз с Боран
2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еріншек» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еріншек» өлеңі
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Достық. Махаббат
Достық. Махаббат
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еріншек»
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еріншек»
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі: Нуралина Гүлжан Хайроллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×