Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

30 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға сөйлем туралы жалпы түсінік беріп, сөйлем түрлерін, тыныс белгілерін меңгерту
2. Өз ойын ашық білдіруге, өзіндік жұмыс істеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
3. Көркем жазуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, (сөзжұмбақ)
Сабақтың көрнекілігі: сызба, сөзжұмбақ, үлестірме, топтамалар
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, бейнелеу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жыр
Армысың, көк аспан
Армысың, жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым бос

3. Үй жұмысын тексеру
218 – жаттығу. «Әдепті бала – арлы бала» тақырыбына шығарма жазу
1) Мәтін дегеніміз не?

Мәтін – мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
2) Мәтіннің қандай түрлері болады.
Мәтіннің түрлері

Әңгімелеу: не істеді?
Сипаттау: қандай? қай?
Пайымдау: неліктен?

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, барлығымыз тақтаға қарап сөзжұмбақты шешеміз.
1. Тілден ұшып құлаққа қонады (Сөз)
2. Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін (Көз)
3. Мәтіннің түрі (Пайымдау)
4. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік)
5. Мәтіннің түрі (Әңгімелеу)
6. Сөзі бар ізінде (Қаламсап)
- Қандай сөз шықты?
- Сөйлем
Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз сөйлем екен.
1. Сөйлем неден құралады?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Сөйлемнің қандай түрлері бар? (хабарлы, сұраулы, лепті)
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.
Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз
Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау (?) белгісі қойылады.
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

5. «Затты пайдаланып сөйлем құра» ойыны
1. Қандай мереке жақындап келе жатыр? – Жаңа жыл мерекесі жақындап қалды. Біз оны асыға күтеміз, бірге дайындаламыз. Би билеп, ән саламыз. Аяз атадан сыйлық аламыз.

6. Оқулықпен жұмыс (ауызша)
Балалар, бәріміз оқулықтың 74 - бетін ашайық. 219 - жаттығуға назар аударайық. Сөздерді салыстырып оқыңдар. Сонымен, балалар, шекарашы деген кім?
- Шекараны күзететін адам.

7. Дәптермен жұмыс.
Желтоқсанның жетісі
Класс жұмысы
Сөйлем
Сс Сс
Сабыр түбі - сары алтын
220 - жаттығу. (өз бетімен жұмыс)
Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп екен. Ол кітапханадан кітап алды.

8. Сергіту сәті би Қаражорға

9. Кім шапшаң?
Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу керек.
1. Жасыл дөңгелекшелердегі сөздерден сөйлем құрау.
Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.
2. Мына парақшалардағы сөздерден сөйлем құра.
Ақан шанамен сырғанады.
3. Төртбұрыштың ішіндегі сөздерден сөйлем құра.
Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
4. Күннің ішіндегі сөздерден сөйлем құра.
Ол абайсызда шанадан айырылып қалды.

10. Ребус шешу
Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.
Суретшілер. Суретшілер көрмесі болды. Суретшілер сурет салды.

11. «Өз үйіне кіргіз» ойыны
?!
12. Сөйлем ойла
1. Астана. (Астана - әсем қала)
2. Ту. (Қазақстан туы желбірейді).
3. аю (суреті) (Сен аюды көрдің бе?)
4. Астана. (Алақай Астанаға барамын!)

ІҮ. Үйге тапсырма
222 - жаттығу. Ереже жаттау

Ү. Бағалау
Сабаққа өте жақсы қатысқандарға - аққала, жақсы қатысқандарға - шырша.
Сабақ аяқталды. Келгендеріңізге көп - көп рахмет!
9 218
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және
Мәтін
Мәтін
Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
«Бала, бала, бала!»... деп. Мәтін
«Бала, бала, бала!»... деп. Мәтін
Мәтін түрлерімен таныстыру. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну. Мәнерлеп оқуын жетілдіру
Баяндауыш
Баяндауыш
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы, Мұқыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маханбетова Қарылғаш Сағынғалиқызы
Сөйлем
Сөйлем
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тукупова Кульпан Кобландиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×