Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» әңгімесі

31 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т. Б.

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақ тақырыбы: Ғажайып адам. М. Тәнекеев.
Сабақ мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушының әр ойын жинақтап айта білуін және тарихи танымын дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Шыдамдылыққа, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Өз бетімен, топта жұмыс жасау тапсырмалары арқылы мәтін мазмұнын игеруге мүмкіндік беру.
Жүйелі іс – әрекет нәтижесі. Оқушыны қиялдауға, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Қажымұқан портреті, Қазақстан барысы портреттері, интерактивті тақта, бейнежазба.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Көңіл - күйлеріңіз қалай? Отырыңыздар. Сабаққа қажетті құралдарымызды алып, сабаққа дайындалып отырамыз. 2. Қызығушылықты ояту: Бүгін қандай жағымды сөздер естідіңіздер еске түсірейік.
- Мысалы:
- Қайырлы таң!
- Сәлеметсіз бе!
- Отырыңыз!
- Кешіріңіз!
- Даусың жақсы.
- Иә, балалар, бүгін қайырлы күн, сәтті сабақ болсын!
Сәрсенбінің сәті
Қуанышқа толсын!
Біздің алар бағамыз
Тек «5» қана болсын.
Бүгін бізге сабаққа аудан көлемі мектептерінен қонақтар келіп отыр, олай болса біз өз білімімізді көрсете білейік.
Алдымен топқа бөлініп алайық. Менің қолымда не көріп отырсыздар?
- Дорба
- Дорбада не бар деп ойлайсыздар?
- Асық.
- Асықпен ойын ойнау білеміз бе, қандай ойын түрлерін білесіздер?
- Кімде үйде асық бар?
- Олай болса, осы үш түсті асық арқылы үш топқа бөлінеміз.
(Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызамын)
3. Жаңа сабаққа дайындық.
- Балалар, менің қолымда не көріп тұрсыздар?
- Хат.
- Хат қайдан, кімнен келеді?
- Ендеше біздің сынып оқушыларына ауданнан білім бөлімінен хат келіпті.
- Не депті?
- Мұнда екі тапсырма берілген: 1 сұрақтарға жауап беру.
2. Тапсырманы орындау.
Сұрақтарға жауап беру арқылы жасырылған палуан бейнесі ашылады.
Сұрақтарға жауап беру: 1. Спорттың пайдасы қандай?
2. Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
3. Қандай спортшыларды білесіңдер?
- Мынау кімнің бейнесі?
4. Жаңа материалды меңгерту.
Келесі тапсырмада не дейді екен?
Әр топқа жеке хатқалта, онда әр топқа тапсырма берілген. Әр топ берілген бөліктерін оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастыруымыз керек.
Әр топтан бір оқушыдан мәтін бөліктерін оқып береді, қалғандары мәтін бойынша сұрақтарға жауап айтады.
Сонымен Қажымұқанның қандай адам екен?
Қандай сөздер қиын болды?
Сені таңқалдырған тұстары.
Олай болса бүгінгі сабағымыз Мұратхан Тәнекеевтің «Ғажайып адам» әңгімесі.
Мұратхан Тәнекеев 1928 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Талапты(бұрынғы Қасық) ауылында дүниеге келген. М. Тәнекеев көптеген спорт бағытындағы 300 – ден аса ғылыми еңбектердің, монографиялар мен кітаптардың авторы. Оның еңбектерінде спорттық әлеуметтегі және дене тәрбиесінің ілімі мен дене шынықтыру тарихы, ұлттық спорт, салт - дәстүр, спорттың ұлт аралық қатынастағы бағыттары туралы көптеп зерттелген.
- Қажымұқан кім болған?
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажымұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 691
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан - жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Алып Қажымұқан палуан өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету. Есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.
Ө. Тұрманжанов, Шал мен бала
Ө. Тұрманжанов, Шал мен бала
Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
Қажымұқан Н. Есенов.
Қажымұқан Н. Есенов.
Мәтіннің мазмұнын ашу, автордың берген ойын, идеясын түсіндіру. Сөздік қорларын дамыту, тіл байлығын молайту.
Ғажайып адам
Ғажайып адам
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
М. Тәнекеев. Қажымұқан
М. Тәнекеев. Қажымұқан
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Турсынбекова Халида Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×