Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құмырсқалар

31 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: К.Сегізбайұлы. Құмырсқалар
Сабақ мақсаты:
1) Оқушыларға К Сегізбайұлы туралы мәлімет беру. Мәтіннің мазмұнын меңгеру, ойларын жүйелі жинақтап атуға үйрету, білімдерін жаңа ақпаратпен толтыру.
2) Сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға, ұжыммен жұмыс істеуге дайындау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Мейірімділікке, достыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Көрнекелігі: автордың бейнесі, құмырсқаның суреті.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын оқуға, мұғалімге аудару.

2. Психологиялық сәт:
Тілек
Шөлеркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық.
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.

3. Үй тапсырмасын сұрау.
«Алтын балық». Мазмұнын сұрау.
Мәтінді 4 - бөлікке бөліп, үш қатардан 4 оқушыдан сұрау.
№3 тапсырма бойынша егер «алтын балық» ұстап алсаң не тілер едің. Тілегің болса былай бастап жазу «Қымбатты су патшасы»

Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы қорыту.
1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім.
2. Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?
3. Баланың тілегі орындалды ма?
4. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын бойымызды, ойымызды сергітіп ойын ойнап алайық.
Слайдта әріптер ретсіз шашылып шығады.
Қ Р А Ы М Ұ С Қ. Құм, мыс, құмыра, құрақ. Ең ұзақ сөз шығуы тиіс. ҚҰМЫРСҚА.
Олай болса балалар біз бүгін Кәдірбек Сегізбайұлы ағамыздың «Құмырсқалар» деген
шығармасымен танысамыз.

Автор туралы:
1941 - жылы 1маусымда дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылы, 1960ж Зайсан қаласындағы қазақ орта мектебін бітірді.
Ең алғашқы әңгімесі 1968ж жарық көрді. «Ашылмаған сыр», «Менің гинералым», Шыңғысханнан Әмір Темірге дейін».
Біз бүгін осы ағамыздың «Құмырсқа» мәтінімен танысамыз.
Тақырыпты мазмұндап беру.
1 - бөлімі: Ләйлә туралы.(суреті шығуы керек)
2 - бөлімі: Ләйлә көршісіне жүгіріп келуі.(слайд. сурет)
3 - бөлімі: Құмырсқалардың майданы.
4 - бөлімі: Қызыл құмырсқалардың күш біріктіруі.
«Бірлік болмай, тірлік болмас»
Әңгіме қызықты болды ма?
Ендеше мәтінді өзіміз оқып танысып шығайықшы. 3 қатардан балаларға оқыту.
Құмырсқалар туралы қысқаша дерек беру.
Біз құмырсқалар туралы қандай пәннен оқып білдік?
Жарайды балалар: Қазір біз дәптермен жұмыс жасайық.
Күннің жады. К. Сегізбайұлы. Құмырсқалар. Шығармашылық тапсырма.
1 - қатарға: Ләйлаға мінездеме беру.
2 - қатарға: Құмырсқаның суретін салу.
3 - қатарға: «Табиғаттың қатал заңы» дегенді қалай түсінеді. Ойларын жазу.
Сабақты сұрақтар қою арқылы қорыту.
1. Осы мәтінде өздеріңе не ұнады.
2. Әңгімеден құмырсқалар төбелесі туралы жазылған тұсты тауып оқу.
3. Ләйланың құмырсқаға жанашыр болған сөзін тауып оқу.
4. Ләйлә ертесіне неге мәз болды.
Мақтау мадақтау арқылы бағалау.
8 400
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Алма ертегісі
Алма ертегісі
Күз мезгілінде дастарханымыз жеміс пен көкөністерге толып кетеді. Олар дәрумендерге өте бай. Сондықтан, күнделікті дәрумендерді жеп тұруымыз керек. Жемістер мен көкөністерді көп жеген баланың дені сау, ақылды болып өседі. Оларды жегенде жуып,
Дәулет Қасенов «Өзін - өзі жеңген бала»
Дәулет Қасенов «Өзін - өзі жеңген бала»
Дәулет Қасенов ( 1937 - 1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1961 жылы шыққан жас ақын жазушылардың « Жас дәурен» жинағына кірді. Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат.
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Міндеттері: жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту ізгілікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу
Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы
Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Салтанат Әбдірешқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×