Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салтын сүйген - халқын сүйер

10 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Дамеля Борашевна

Тақырыбы: Салтын сүйген - халқын сүйер

Мақсаты: халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру; ата - дәстүр үрдісін, ой - өрісін ұштау; ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, тыйым сөздер, салт - дәстүрлер, буклет,

Ашылуы: би - қыздар тобы /2 - 3 сынып/

БАРЫСЫ:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Қонақтар мен Оқушылар!
Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектебіне қош келіпсіздер.
Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт - дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиемізде ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет - ғұрпы мен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастереп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. /музыка ақырын ойнап тұрады/

Жоламан: Білімсізден жаман жоқ,
Туған соң адам боп
Ел дәстүрін білмесе
Жұрт айтады надан боп.
Айжан: Ата - бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты,
Үлгі тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты.
Рүстем: Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ақмарал: Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді
немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл - шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.
Диас: Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салт - дәстүр. Бала дүниеге келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен шашу шашады.

Дәурен: Сыбаға - құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын - жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақса - қалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.
Олжас: Бастаңғы - үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «Жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» деп сол үйде ойын - сауық жасап бас қосады.
Аяулым: Тоқымқағар - жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойылып немесе сыйлы мүшелер салынып, кең дастархан жасалады. Ойын сауық құрып, өлең, жыр айтылады.

Жүргізуші:. Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз. Бесік той. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл тойға жиналған көрші қолаң шашуларын ала келеді.
Көрініс: Айнагүл Қазиханқызы: Қазақтың салт - дәстүрінің бір түрі баланы бесікке салып, бесік жырын айтуды үйренейік. Бесік ағаштан жасалады. Баланың төсегін дайындап бесікті аластайды.
Алас, алас, баладан алас.
Иесі келді, пәлесі көш.
Алас, алас, бәледен алас.
Тілі жаманның ниетіне алас.
- Бесікті не үшін аластайды?
- Бесікке байланысты қандай тыйым сөздерді білесіздер?
* Бос бесікті тербетпе
* Бесіксіз үйде береке жоқ. т. с. с. Кәнеки енді «Бесік жырын» айтайық
Жоламан: Кішкентай нәрестенің құрметіне бір ән шырқап жіберейік.

Ән: «Туған күн» - Буғасова Бибінұр

Жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар.
Дәстүрім бар ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар - дегендей Тілашар тойына тоқтала кетсек. Бүлдіршіндердің тілі жеке - жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде тілі тез шығуы үшін дәстүрлі тілашар тойы ырымын жасайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт - дәстүріміз
Ұлттық код: ұлттық мәдениет, салт - дәстүріміз
Қазақ халқының салт - дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт - дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету.
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Астана қаласы, № 64 мектеп - лицей Бастауыш сынып мұғалімі Бекжанова Бахтигул Нурмухамбетовна
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
«Арулар» сайысы
«Арулар» сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің әлеуметтік ұстазы Нұртазина Айгерім Болатовна
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" шағын жинақты жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Садуова Гүлсім Ерболқызы
Салт-дәстүрді білесің бе?
Салт-дәстүрді білесің бе?
«Сымбат» жеке мектебінің бастауыш мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×