Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

13 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жезқазған қаласының №10 орта мектебінің
түзете дамыта оқыту сыныбының мұғалімі
Кулашева К.К.

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың сөз, түбір мен қосымша туралы ұғымдарын пысықтау; қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату, сол арқылы жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: Оқушының сөздік қорын байыту. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды таза, әдемі жазуға, зейінділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: “Ұлылар еліне саяхат” сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, семантикалық картамен жұмыс, жаттығулармен жұмыс жасау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, “Ұлылар еліне саяхат” баннер, “Теңге алу”ойыны, семантикалық карта, Венн диаграммасы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 329 - жаттығу
- Оқушылар бүгінгі салақта біз ұлылар еліне саяхаттаймыз. Саяхатқа шығу үшін сұрақтарға жауап беру керек.
Сұрақтар:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз құрамы қандай бөліктерден тұрады?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Қосымша дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап берген соң саяхатқа шығамыз.
Ең бірінші «Абай Құнанбаев» ауылына келіп тоқтаймыз.
Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей өңірінде туған. Қазақ халқының ұлы ақыны. Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқтаушы болуға тиіс деп санаған. Абайдың тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгүн шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын календерінің де әрқайсы мазмұн - мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы жағынан әр түрлі болып шыққан. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы, көп қырлы болып келеді. Ол қазақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын.
Бұл ауылдың тұрғындары
- Қосымша туралы не білетіндеріңді сұрап жатыр. Олай болса, бүгін сендермен қосымша туралы білімімізді кеңейтейік.

Қане, бірге бәріміз
Көзімізді жұмамыз
Өтіп тау мен өзеннен
Бір елге жетіп қонамыз!

Қосымша деп аталар
Бұл ел мүлде бейтаныс.
Біз білмейтін, балалар,
Қосымшаның түрі бар.
Жаңа сөздер жасайтын,
Жұрнақ атты ұлы бар.
Сөз бен сөзді қосатын,
Жалғау атты қызы бар.

ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты түсіндіру:
- Мынау не?
- бүркіт
- Ал енді осы «бүркіт» сөзіне қосымша қосып көрейікші.
- бүркіт+ші
- Не пайда болды? «бүркітші» деген сөздің мағынасы қандай?
- Бүркітпен аң аулайтын адам.
- Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа сөз жасалды.

Ал енді «бүркіт» сөзіне басқа бір қосымша жалғап көрейік: бүркіт+пен.
Мысалы: Аңды бүркітпен аулайды.
- Бұл алдындағы сөзден мүлде басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?
«бүркітпен» сөзінің мағынасы алғашқы мағынасынан алшақтап кете қойған жоқ. Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен.

Ереже: Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Жұрнақ пен жалғау
(Балық) шы - балықшы
тар - балықтар

(оқу) шы – оқушы (бала)
лық – оқулық (кітап)
ға - оқуға

Оқушылар саяхатымызды жалғастырамыз. Енді келесі «Ахмет Байтұрсынов» ауылына келіп тоқтаймыз. Ахмет Байтұрсынов (1873 - 1938) Қостанай облысында туған. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған. Ғалым, ақын. Бұл ауылдың тұрғындары бізге жаттығу жұмыстары беріліпті.
Сергіту сәті
331 - жаттығу
Мақалды оқы. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндір.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 199
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Пайзова Фарида Конырбаевна
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы, Жамбыл ОЖББМ-Б бастауыш сынып мұғалімі Казбек Рыскалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×