Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желбіре, Жеңіс жалауы!

14 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жолдыбаева Құндыз Батырқызы

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай тәрбиелік шара
4 сынып

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай 4 сыныпта өткен «Желбіре, Жеңіс жалауы!» тәрбиелік шараның жүру бағдарламасы
І. Кіріспе сөз
ІІ. Көрініс «Соғыс қасіреті»
ІІІ. Бейнеклипп «Соғыс жылдары»
ІV. Тариха шолу
1) Москва түбіндегі шайқас
*Көрініс «Бауыржан»
*Көркемсөз
2) Ленинградтық өрендер
*Ж. Жабаев
*Көрініс «Демалыста»
3) Сталинград шайқасы
*Көркем сөз
*Н. Абдиров
4) Партизандар қозғалысы
*Айтылмай кеткен аманат
* Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов
V. Рейхстагқа Жеңіс туын қадаған Р. Қошқарбаев
VІ. Хор «Соғыстан қайтқан солдаттар»
VІІ. Жеңіске арнау
VІІІ. Бейнеклипп «Ұлы Отан соғысына 70 жыл!»
ІХ. Хор «Жеңіс жыры»
Х. Қорытынды

Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты: 1941 - 1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысы және ондағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері туралы мәлімет беру. Оқушылардың тарих туралы біліктерін жетілдіріп, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дағдыландыра отырып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: «Отты жылдар шежіресі» слайдтар топтамасы, «Соғыс жылдары» бейнеклипп, тақырып, шарлар, қанатты сөздер, плакаттар.

Барысы:
1 - жүргізуші: Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы - қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды.

2 - жүргізуші: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

1 - жүргізуші: « Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайталанбауы үшін, оның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз.

2 - жүргізуші:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.

1 - жүргізуші:
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн - деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнаған шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2 - жүргізуші:
Бастау алып үлгермей тұнған дарын,
Кеткендерді жөн біліп тұрғандарың.
Отандастар, бір минут тоқтап үнсіз
Еске алайық соғыстың құрбандарын!
(Соғыс құрбандарын 1 минут үнсіз еске алу)
1 - оқушы:
Соғыс деген – аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздың да,
Соғыс деген – сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген – соғыс деген – зұлымдықтың айнасы.

2 - оқушы:
Қиылды, қанаты тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемдегі сұмдық күн ана үшін -
Майданға азаматтар аттанған күн.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте -
Боздап кеп, боздағымен қоштасқан күн.

1 - жүргізуші: Сонымен, Ұлы Отан соғысының кейбір беттерін парақтап барлығын есімізге алып көрейік.

Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Немересі(қыз бала): Әже, әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер болып бастағым келеді.(әжесін құшақтай еркелей күледі)
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет ботам!(маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады. Әкесі пышағын қайрап, салмақты кейіппен отыра береді, келіні ыдыс алып келе жатып, радиодан хабарды тыңдап тұрып қалады.)
Сахна сыртында:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасына басып кірді.»
Немересі:
Аттан – деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің рөлін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де, несібесін. (әкесін келіп құшақтайды.)
Әкесі:(қолындағы бір жасар баласын беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жар қолқанат,
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келін - ау, көздей қалтаға,
Топырақ салып берерсің.
Келіні (топырақты беріп тұрып)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді, келеді. (жылап қалады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Желбіре, Жеңіс туы!
Желбіре, Жеңіс туы!
Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға - апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге - қызмет етуге, адамгершілікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Желбіре, жеңіс жалауы!
Желбіре, жеңіс жалауы!
Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.
Желбіре, Жеңіс жалауы
Желбіре, Жеңіс жалауы
Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Атырау қаласы, №9Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байсейтова Қарлығаш Жолдасқызы
Әр қашан күн сөнбесін!
Әр қашан күн сөнбесін!
Жалпы орта білім беретін «Мереке» мектеп – балабақшасы тәрбиешісі: Малаева А.С.
Желбіре, Жеңіс жалауы
Желбіре, Жеңіс жалауы
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×