Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы гүлдерді саламыз

15 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
И. Қ. Мандоки атындағы № 154 ЖББ мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Медеубаева Меруерт

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы гүлдерді саламыз

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың кескіндемелік дағдысы мен біліктілігін жетілдіру.
Дамытушылық: Акварельмен жұмыс істеудің «а – ля прима» тәсілін түсіндіру.
Тәрбиелік: Өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, аялауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Мұғалім үшін: көктем гүлінің суреттері мен құмыраға салынған көктемгі гүлшоғы.
Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаш, өшіргіш, акварель, қылқалам, су құтысы.

Сабақтың өту барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу:
- 14 - наурыз – «көрісу күні». Осы күннен бастап «наурыз» мерекесі басталады.
Шаттық шеңбері: Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өмірде
Айтылады жырымыз.
ә) сабақтың мақсаты мен жұмыс жоспарын тұжырымдау:
Шіркін, сурет сабағы,
Ауылды еске алады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.

Қызыл бояу – қызғалдақ.
Сары бояу – сарғалдақ.
Жасыл бояу – жайлауым
Іздеп барар армандап

Мақал - мәтелдер:
1. Өнер – өлмес мұра.
2. Өнерлі елден өнерлі өнерлі ұл - қыз шығар.
- Бұл мақал - мәтелдің біздің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?
- Өйткені сурет салу – өнерге жатады.
- Ал, біздің қазақтың қандай дарынды суретшілерін білесіңдер?
- Әбілхан Қастеев – дарынды суретші, қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалаушы. Ол өз туындыларында туған жерге деген махаббатын, туған табиғаттың сұлулығын шеберлікпен бере білген.
- Біздің сыныптағы суретші оқушыларды атау.

II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) сұрақ тапсырмалар арқылы үй тапсырмасының қабылдау деңгейін анықтау
Дәстүрлі ыдыс – аяқтарды ою - өрнектермен безендіру.
- Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Сыңармүйіз, сынықмүйіз, қосмүйіз, сыңарөркеш, қошқар мүйіз және т. б.
Салған жұмыстарының қорытындысы бойынша дарынды оқушыларды мадақтау.
- Ою - өрнектерге назарларын аудартып, нелерге ұқсайтынын айтқызу.
(мың бұралған қыздардың биі, жануарлардың мүйізі, гүлдер т. б. )
- Ия, көктемнің алғашқы белгісі – гүлдер.

ІІ Жаңа сабақты оқып - білу кезеңі:
а) сабақтың тақырыбын хабарлау:
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем екенін қандай белгілер арқылы білеміз?
- Аз күннен кейін шөптер жерді жасыл кілемдей басып, алғашқы көктем гүлдер де шығады.
Оқулықпен жұмыс:
- Мәтінді тізбектей оқыту.
- Гүл - өміріміздің сәні, табиғаттың көркі, өзінің жұпар иісін береді, гүлдің емдік қасиеттері бар.
ә) оқушылардың тәжірибесін өзектендіру /тірек білім, жеке ойлар/
- Гүлдер қайда өседі?
- Даладағы гүлдер 2 - ге бөлінеді:
Гүлдер

• Табиғи
Табиғатта өсіп - өнеді, көбееді
Бәйшешек, қызғалдақ, жауқазын, бақбақ т. б.

• Мәдени
Адамдар баптап өсіреді
(бақта, есік алдында, аллеяларда, бөлме гүлдері)

Бәйшешек – өзінің нәзіктілігіне қарамай көктемде қар астынан бой көтереді.
Жауқазын – гүлінің Отаны Голландия елі. Онда көптеп өсіріледі. Ол жақтың ауа - райы өте қолайлы. Жауқазынның әлем бойынша 200 түрі бар.
Қызықты мәлімет:
Раффлезия – Жер бетіндегі ең ірі гүл. Ол көлденеңінен 90 см - ге жетеді. Бірақ одан бұзылып, иістеніп кеткен еттің иісі шығады.
Ерінге ұқсас гүл – бұл гүлдің жапырақтары ерінге ұқсайды. Ол жәндіктерді өзінің кіп - кішкентай әрсіз гүліне жапырақтармен тартады.

Суретпен жұмыс:
Оқулықтағы суреттің авторы Максим Сарьян. Ол армян суретшісі. «Гүлдер натюрморты».
б) Тақырыптың мәнді белгілерін есте сақтау.
Нәзік өсімдіктердің өмірі өте қысқа болады. Соған қарамастан, олар бізге қаншама қуаныш сыйлайды.
- Ал, бүгін, «Көктемнің алғашқы гүлдерін» саламыз.
Ол үшін «А - ля прима» акварель тәсілін таңдаймыз.
«А - ля прима» - «бір көргеннен, бірден» деп аударылады. Яғни акварельді біз парақтың бетіне жұқалап жақпаймыз, бірден бояуды қанық етіп түсіреміз.
Оқушыларға мынадай кеңестер беруге болады:
1. қарындаш іздері әлсіз тсіп, жіңішке болуы керек, себебі акварельдің бетінен көрініп қалуы мүмкін;
2. «а - ля прима» тәсілін пайдаланғанда су мөлшері көп болмау керек. Себебі, су көп болса, сурет «жүзіп» кетеді, ал су өте аз болса, «шөлдеп» қалады.
3. бояуды палитрада езген дұрыс, палитра ретінде альбм парағын да пайдаланамыз, одан акварель түсі анық көрінеді.
в) Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Құмыраға салынған гүлшоқтарын немесе өз ойымен, балалардың суреттеріне қарап салады.
г) Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі:
а) Гүлдің адам өміріне қандай пайдасы бар?
/ Гүлден иіссулер жасайды, хош иісті сабындар, шампуньдер, ауа тазартқыштар жасайды т. б./
ә) Жалпы адамзат гүлдің сұлулығымен қатар кімдерді теңеген? / қыздарды/
б) «Гүл өссе жердің көркі»- демекші біздің еліміздің әдемі гүлдері болып өсе беріңдер!
6. Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі:
а) Тапсырма: аяқтау

7. Бағалау кезеңі:
1. Сынып жұмысына баға беру;
2. Жеке оқушы жұмысын бағалау.
8 211
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейнелеу өнері күнделікті жоспарлар (1 сынып)
Бейнелеу өнері күнделікті жоспарлар (1 сынып)
Бейнелеу өнері 1 сынып күнделікті жоспарлар
Алғашқы гүлдер
Алғашқы гүлдер
Өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, аялауға баулу.
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Қар суретін салайық
Қар суретін салайық
Қызылорда қаласы № 197 қазақ орта мектебі бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Әлібекова Нұргүл Орынтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×