Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар

26 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Құстар.
Мақсаты:
1) Құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың, жануарлардың маңызды тобы екендігі, жабайы және үй құстары, олардың тіршілігі, күтімі, олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру;
2) Оқушылардың дүниетанымын, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеулерін дамыту;
3) Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, құстарға қамқоршы бола білуге баулу.
Көрнекілігі: Құстар туралы суреттер, мазмұндауға арналған қысқаша мәтіндер, құстың қауырсыны, құстың жұмыртқасы.
Түрі: Ұжымдық түрде бірлесіп білім алу
Әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, іздендіру, дәлелдеу, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, табиғаттану.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері. Танысу.
- Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып, бір - бірінің қолдарын ұстап тұрады.
Бір - бірімізбен амандасамыз.
- Сәлеметсіз бе, ашық аспан!
- Сәлеметсіз бе, күннің көзі!
- Сәлеметсіздер ме, құстар мен жануарлар!
- Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар және оқушылар! Осы көңіл - күймен орнымызға отырып, абағымызды бастайық.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
II. Өткенді қайталау. Тест түрінде тексеру.
1. Жануарлар тобы қандай табиғатқа жатады?
А) өлім табиғат; ә) тірі табиғат; б) табиғатқа жатпайды
2. Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?
А) ақбөкен; ә) қасқыр; б) аю
3. Жыртқыш жануарлар тобын көрсет?
А) ақбөкен, қоян; ә) қасқыр, жолбарыс; б) киік, марал
4. Талғаусыз қоректілерге қандай жануарлар жатады?
А) ақбөкен, ә) қасқыр, б) аю
5. Суда да, құрлықта да мекендейтін жануар?
А) қасқыр, ә) бақа, б) көбелек.
6. Жануарлар тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды ата?
А) балшық, жарық, ә) қора, ін, қорек, ауа, жарық, су, жылу.
7. Жәндіктер қыста қайда кетеді?
А) ағаш діңіне: ә) өліп қалады; б) жылы жаққа.
8. Ірі қара малды көрсет?
А) сиыр, жылқы; ә) ешкі, лақ; б) қой, қозы;
9. Ұсақ малды көрсет?
А) ешкі, қой; ә) сиыр, жылқы; б) түйе, жылқы;
10. Қандай аңдар қысқы ұйқыға кетеді?
А) түлкі, қоян; ә) аю, борсық; б) барыс, мысық, қой;
«Адасқан жануарлар»ойынын ойнату.
Оқушылар алдындағы суреттердегі сүтқоректілерді, құстарды, балықтарды, жәндіктерді, жорғалаушыларды топтарға бөледі.
III. Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу.(Берілген жемістерді атап, ретімен жазу.)
Топпен жұмыс. Сыныпты төрт топқа бөліп (1 - топ: қарлығаш; 2 - топ: көгершін; 3 - топ: аққу; 4 - топ: бұлбұл. Осы құстарға ассоциация құру. Қай құс, ол туралы не білетіндерін айтады?
Ой қозғау. Құстар туралы не білеміз? Сызба арқылы оқушыларға құстар туралы білетіндерін айтқызу.
Мағынаны тану. Құстар - жануарлардың ең көп тараған түрі. Олардың 8000 - нан астам түрлері бар. Үй құстары, жабайы құстар, болып бөлінеді. Құстарды зерттейтін ғылым - орнитология. Пайдасы: зиянкестермен күреседі, еті, жұмыртқасы, мамығы. Құстар - біздің досымыз. Сирек кездесетін түрлері «Қызыл кітапқа»енгізілген. Құстар табиғат көркі. Оларды қорғау керек. Қажетсіз атуға, оларды ұстауға болмайды.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді оқып, талдау.
Дәптермен жұмыс. Инелік, жарғанат, тасбақа, құстарға жатпайтынын дәлелдеу. Инелік - бунақденелілер, жарғанат - сүтқоректілер, тасбақа – қос мекенділер тобына жатады.
Сергіту сәті
Ептеп - ептеп жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай, томпаң - томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал,
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
Ұшты - ұшты»ойынын ойнату. Топпен жұмыс.
Сыныпты төрт топқа бөліп; 1 - топ: құстарға сипаттама беру. 2 - топ: жыртқыш құстар жемін қалай аулайды. 3 - топ: қандай құстар ұясына шалғынға, бұта басына салады; 4 – топ үй құстары мен жабайы құстарды салыстыру.
Сабақты бекіту, қорыту «Ыстық орындық»ойыны арқылы сабақты қорыту.
Жұмбақтар жасыру.
1. Ала шапан киеді,
Қыпылықтап жүреді.
Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.
Қалдықты жеп тауысқан,
Аты оның...............(Сауысқан)
2. Қызығып әр адам
Ұстап ал даладан
Жүнімді жұлып ап
Бесікке қадаған.(Үкі)
3. Тұмсығында суы бар,
Бұл қай құс тауып ал?(Бірқазан)
4. Ағашта жабысып тұрады,
Тұмсығын аямай ұрады.(Тоқылдақ)
5. Қос қанатын иіп ап, жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап, балшықтан үй соғады.(Қарлығаш)
6. Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.(Тоты)
7. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.(Әтеш)
8. Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы - деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.(Көгершін)
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақты аяқтау. Жақсы тілектер айту.
4 001
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар
Құстар
Құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың, жануарлардың маңызды тобы екендігі, Жабайы және үй құстары, олардың тіршілігі, күтімі, олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру;
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып - өсуі туралы түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×