Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оспанхан Әубәкіров Ара мен шыбын

12 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Диханова Райхан Ахытқызы

Сабақтың атауы О. Әубәкіров Ара мен шыбын
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей алады, жақсы мен жаманды, жалқаулық пен еңбекқорлықтың айырмашылығын түсінеді
Түрі: Сайыс - сабақ.
Сабақтың жабдығы Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу, сахналау.
Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, сызба

Психологиялық ахуал
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мағынаны тану
Шығармашылық тапсырма
1. Автор туралы қысқаша дерек.
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.
2. Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату.
3. Тірек сызба бойынша мысалды талдау.

4. Ара мен Шыбын бейнеленген сурет бойынша екеуіне мінездеме, сипаттама беру.
«Кім мықты?» сайысы.
А). «Өнер» тобының тапсырмасы. Ара мен Шыбын қанатын жамылып, рөлге бөлініп ойнайды.
Ә). «Оқу» тобы мысалдағы түйінді ойды жазады.
Б). « Жазу» тобы Ара мен Шыбын жайлы «Егер мен Шыбын болсам...» тақырыбына эссе жазады.

2. «Кім ақын?» тапсырмасы. Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.
Келді араға Шыбын
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті.
Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандары үшін ұпай беріледі.

3. «Кім ұтқыр?» тапсырмасы. Бұл тапсырма бойынша мынандай сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар ойларын мына сұрақ негізінде жинақтайды:
1. «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
2. «Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

4. «Кім тапқыр?» тапсырмасы.
Мысал бойынша мақал - мәтел тауып жазу тапсырмасы беріледі.
1. Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
2. Қонақ асыңа емес, қабақ - қасыңа риза.
3. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Қорытындылау.
Шыбын мен Араның әрекетіне баға бере отырып, олардың қандай екенін кесте бойынша сипаттау..
О. Әубәкіров туралы не білесің?
Шыбын (қандай?)
Ара ( қандай?)

Анализ сатысы.
Тақырыбы: Ара мен Шыбын
Авторы: О. Әубәкіров
Жанры: мысал
Кейіпкерлері: Ара, Шыбын
Негізгі идея: Ара сияқты еңбекқор, қонақжай, талапты, адал болу
Қорытынды: Жалқаулықтан, еріншектіктен, жаман қасиеттерден аулақ болу
Синтез сатысы. Ситуациялық жағдайлар. Әр топ ситуациялық жағдайларды топта талқылап, ортақ шешімін тауып қорғайды.
Пікірталас
Ара мен Шыбынның іс - әрекеті дұрыс және дұрыс емес деген пікірде пікір таластыру.
Үй тапсырмасы
Мазмұндау.
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
4 807
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін, мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу
Оспанхан Әубәкіров "Ара мен Шыбын"
Оспанхан Әубәкіров "Ара мен Шыбын"
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байгуттина Гулжиян Сабировна
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Акгулсим Нурлыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×