Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері

18 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін, қарама - қарсы және бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді меңгеру деңгейін саралау, көп таңбалы сандарға қатысты есептерді шығару қабілеті мен дағдысын жетілдіру, әртүрлі есептер шығару; кеңістікті ойлау мен есете сақтау қабілетін дамыту; өз күшіне сенуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін үйренді.
Әдіс - тәсіл: Топтық жұмыс, кері байланыс
Дереккөздер: Оқулық, ресурстар, дидактикалық материалдар
Негізгі идея: Оқушыларды іс - әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетелеу. «Дымбілмес»
мультфильм желісі бойынша саяхат сабағы
Тапсырмалар: Оқулықтың 41 - 42 - бетіндегі №1 - № 8 есептерді шешу
Пайдаланылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Жеке жұмыс: №1, №7 - есептер

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру:
Сыныпта психологиялық жақсы ахуал орнату. Сыныпты топқа бөлу:
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: 1. Көркем жазу минуты.
2. Жаңа тақырып: Өткенді пысықтау
Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, топқа смайликтер арқылы бөліну.
І топ: Күндей күлімдеген смайлик. ІІ топ: Ойланып отырған смайлик. ІІІ топ: Қуанып тұрған смайлик. Әр топтың топ басшысы мен бағалаушысы белгіленеді, олардың міндеттері айтылады. Бағалаушы әр тапсырмадан кейін тапсырма орындаған оқушыларға өз бағасын қойып отырады.
⦁ Балалар бұл қай мультфильмдегі музыка?
⦁ «Дымбілмес» мультфильміндегі музыка.
⦁ Олай болса, балалар, біз бүгін сабағымызды «Дымбілмес» мультфильм желісі бойынша өтеміз.
Ертеде Дымбілмес деген бала болыпты. Өзі сондай тентек, бірдеме сұрасаң: «Білмеймін, білмеймін, ештеңені білмеймін» деп айтқандықтан жұрт оны Дымбілмес деп атап кеткен екен. Сол Дымбілмес бір күні Айға саяхаттап барған екен. Айда жүріп тентекшілік жасағасын Айдағылар оны Жерге ұшырып жіберіпті. Жерге келгесін Дымбілмес достарын іздеп таба алмай жүр екен. Дымбілместі достарына жетуіне көмектесейік. Ол үшін мультфильмдер еліне саяхат жасап, Дымбілмес көптеген кедергілерден өту керек, тапсырмалар орындау керек, егер Дымбілмес білмей жатса, біз оған көмектесуіміз керек. Олай болса, сабағымызды бастаймыз.
1. Есіктің тапсырмасы
Жеке жұмыс: Таблицаны толтыру. Үш топтан оқушылар шығып, маркермен жазады.
Кейінгі сан
Сан 14999 916001 9999999
Алдыңғы сан 999999
Есіктің тапсырмасы орындалды.
2. Дараның тапсырмасы: І топтық тапсырма: Дымбілмес Дараның еліне келді. Дарадан өз достарына қалай жетуді сұрады. Дара тапсырмаларымды орындасаң ғана мен достарыңа баратын жолды көрсетемін деді. Дараның тапсырмасын орындайық:
І топ:
№1 Сандарды оқу
254200 83213541
Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеп оқыды.

ІІ топ:
504008... 2000485
Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеп оқыды.

ІІІ топ:
44026085... 746456000
4 ондық миллион 4 бірлік миллион 0 жүздік мыңдық 2 ондық мыңдық 6бірлік мыңдық 6 бірлік мыңдық 0жүздік 8ондық 5бірлік
Дараның тапсырмасы орындалған соң, Дара Дымбілместі Машаның еліне қарай жол сілтеп жіберді.
3. Машаның тапсырмасы: Дымбілмес Машаның еліне келген соң Машамен ойнайды. Машаға Дымбілмеспен ойнаған қызықты болатын. Өйткені Маша тентек, өзі сияқты балаларды ұнататын. Маша Дымбілместі жібергісі келмеді, бірақ Дымбілмес өз достарына баратындығын айтты. Бірбеткей Маша өзінің тапсырмасын орындағанда ғана оны достарына баратын жолды көрсететіндігін айтты. Машаның тапсырмасын орындайық: Қағазға жазылған тапсырмалар 3 топқа таратылады. Тапсырманы орындап болған соң әр топтың орындаған есебін келесі топ тексереді, бағаланады.
І топ:
240▪2=480
420▪2=840
521▪2=1042
520▪2=1040
606▪2=1212
66▪2= 132

ІІ топ:
320▪4=1280
230▪4=920
350▪4= 1400
102▪4=408
409▪4=1636
220▪4=880

ІІІ топ:
963: 3=321
369: 3=123
321: 3=107
240: 3=80
906: 3=302
360: 3=120

Топтық бағалау жүреді.
Машаның тапсырмасы орындалған соң, Маша Дымбілместі қимай - қимай Аюдың еліне шығарып салды.
4. Аюдың тапсырмасы. Аю сауатты болатын, ол білгіш балаларды жақсы көретін. Өз еліне келген Дымбілместі сынап көру үшін тапсырма береді. Кітаптағы есепті орындау.
№4
Зауыт әр күні бірдей мөлшерде шаңсорғыш шығара отырып, 20 күн ішінде 31280 шаңсорғыш жасап шығарды. Егер зауыт күніне 16 шаңсорғыш шығаратын болса, онда бір айдың (30) ішінде неше шаңсорғыш жасап шығарады?
Шарты: 20 күнде – 31280 ш. сор.
Күніне 16 ш. сор. артық
Т. к: 1 айда -?
Ш: 31290: 20=1564
1564+16=1580
1580▪30= 47400
Ж: 1айда 47400 ш. сор. шығарады.

№5 а)
Тіктөртбұрыштың ауданы 240см2
Оның ені 6см болса, ұзындығы қанша?
х
6см 6см
х
Ш: 240: 6= 40см
Ж: Тіктөртбұрыштың ұзындығы 40 см
№5 ә)
Тұрмыстық техника дүкеніне әрқайсысы 37564 теңгеден 16 теледидар және 24 бейнемагнитафон әкелінді. Тауардың жалпы құны 991384 теңге тұрады. Бейнемагнита - фондардың бағасы қанша?
Шарты:
37564теңгеден - 16 теледидар
24 – бейнемагнитафон
Барлығына 991384 тг жұмсалды
Т. К: Бейнемагнитафон -?
Ш: 37564▪16= 601024
991384 - 601024= 390360
390360: 24= 16265
Ж: Бейнемагнитафон 16265 тг тұрады.
Риза болған Аю Дымбілместі достарына баратын жолға салып жібереді. Достарымен табысқан Дымбілмес сабаққа ден қойып оқуға уәде береді. Еліне келген соң Дымбілмес достарымен бірге есеп шығарады.
Топтық бағалау жүреді.
5. тапсырма. Жеке жұмыс: Дымбілместің достарымен бірге есеп шығарайық!
№3. І топ:
7326 ▪ 32=234432
34800▪16=556800
4025▪23=92575
951374: 29=32806
ІІ топ:
9060▪43=389580
52070▪14=728980
234124: 44=5321
112517: 37=3041
ІІІ топ:
7961▪84=668724
53080▪18=955440
842751: 27=31213
480612: 12=40051
Жұптық бағалау жүреді.

4. Жеке жұмыс: Жұптық бағалау жүреді. Сыныптағы дарынды балалар анықталады. №5 модуль
№7 Көз мөлшерімен параллель түзулерді анықтау
о мен c параллель
м мен d параллель
№8 (ауызша)
5. Бекіту: Сұрақ жауап
6. Бағалау: Формативті бағалау
7. Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазады.
8. Үй жұмысы: 6 - есеп, 42 - бет
964800: (30 ▪ 16) - 14 = 1996
57892: 41 ▪ 4 + 64400: 280 =5878
20000 – 76 ▪ 800: 19 =16800
5600 ▪ 48: 280 + 324764 =325724
5 625
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша баған түрінде көбейту тәсілін үйрету;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері
Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×