Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз

19 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"

Сабақтың мақсаты: оқушыларға «Аққұс туралы аңыз»және Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Әңгіменің мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға, алған білімдерін, байқағыштық қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын тілін дамыту. Сонымен қатар таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Балаларды сауаттылыққа, жинақылыққа, бірін - бірі тыңдауға, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке баулу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар жалпы мектепке келгендегі мақсат, міндеттерің не?
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
5 - ке қолды жеткізу

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Суретші Әбілхан Қастеев туралы мәтінді сұрау.

III. Сұрақ қою арқылы білімдерін тексеру.
1. Әбілхан Қастеев кім?
2. Ол қай жылы, қай өңірде дүниеге келді?
3. Әбілхан әкесінен неше жасында жетім қалды?
4. Суретшінің анасының есімі кім?
5. Әбілхан Қастеев қай қалаларда сабақ алды?
6. Оның қандай суреттері жоғары бағаланды?
7. Ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салған суретші?

IV. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
Бұрынғы ерте заманда халқымыз аң - құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Қолға үйретілген қыран құстармен құсбегілік жасаған.

2. Мағынаны ашу. Балалар бүгінгі сабақта Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» әңгімесін танысамыз. Негізі бұл әңгімені Оразбек Бодықов Қазақстан халық композиторы, қазақ вальсінің король, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың анасынан естіген хикаясы болатын. Оразбек Бодықов Шәмші көз жұмғанға дейін қасынан қалмай, қуанышы мен қайғысына куә болған жанашыр досы.

3. Оқулықпен жұмыс: Мәтінмен таныстыру. Тізбектей оқу.
Мәтін бойынша сұрау қою.
1. Шәмшінің бойында қандай қасиет болды?
2. Автор Шәмшіден не жайында сұрады?
3. Шәмші қалай жауап берді?
4. «Аққұс туралы аңыз»әңгімесін кімнен естіген?
5. Аққұс, Қарақұсқа қандай өтініш айтты?
6, Аққұс ажалдан қалай құтылды?
Венн диаграммасы: Аққұс, Қарақұс

4. Дәптермен жұмыс.
1. «Аққұстың мұңды әні»тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2. Суретте берілген Аққұстың суретін салу.

V. Сергіту сәт. Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурри тыңдау.
VI. Сабақты бекіту сұрақтары.
1. Шәмші Қалдаяқов кім?
2. Шәмшінің жанашыр досы, ол туралы естелік жазған кім?
3. Қазақ вальсінің король деп кімді айтамыз?
VII. Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндау. Шәмші Қалдаяқовтың бір әнін жаттау.
IX. Бағалау.
2 989
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Аққұс туралы аңыз. Оразбек Бодықов
Оқушыларды аңызбен таныстыру. Ш. Қалдаяқовтың өмір баянымен таныстыру. Қосымша мағлұматтар беру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"
Оразбек Бодықов "Аққұс туралы аңыз"
Атырау қаласындағы №9Ш. Уәлиханов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманбаева Ақмарал
Оразбек Бодықов «Аққұс туралы аңыз»
Оразбек Бодықов «Аққұс туралы аңыз»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есбаганбетова Балхаш Несипбаевна
Аққұс туралы аңыз
Аққұс туралы аңыз
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш кластар мұғалімі Қызжанова Гүлия Каримовна
Аққус туралы аңыз
Аққус туралы аңыз
Тақырыбы: Аққус туралы аңыз
Қастеев Әбілхан
Қастеев Әбілхан
Қастеев Әбілхан (1904-1973)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×