Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер

07 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Хромтау ауданы, Сарысай орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Умарова Гүлнар Темиргалиевна

Дүниетану. 3 - сынып
Тақырыбы: Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер
Мақсаты:
1) Өсімдіктердің түрлілігі жайлы тақырыпты түсіндіру, өсімдіктер тіршілігі туралы мәліметтер беру;
2) Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту;
3) өсімдіктерге тірі жан ретінде қарауға, оларға қамқор болуға, өсімдіктерді дұрыс күтуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі, типі: жаңа білімді игеру сабағы, дәстүрлі
Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, сұрақ - жауап, практикалық, баяндау
Көрнекіліктер: өсімдіктер суреттері, оқулық, кесте, топтастыру;

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру сәті. /амандасу, түгендеу/
Сабақтың ұраны: «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ!»
2. Білім тексеру сәті:
- Біз қандай өсімдіктер туралы өттік?
- Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.
- Құрғақшылықта өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері неде?
- Оларда ата.
- Қай жерлерде өседі?

3. Оқу мақсатын қою:
Балалар, біздер бүгін жылу сүйгіш, суыққа төзімді, жарық сүйетін өсімдіктер туралы да оқып - білеміз. Олардың тіршілігімен танысамыз. Бүгінгі тақырыпты оқиық.
4. Жаңа сабаққа дайындық:
- Өсімдікке жылу не үшін қажет?
- Суыққа төзімді дегенді қалай түсінесің?
- Өсімдікке жарық не үшін қажет?
Қане, балалар ойымызды жинақтап, топтастыру жасап көрейік.

5. Жаңа сабақты түсіндіру:
1) Ыстық жерде, жылуы мол жерде өсетін өсімдіктер бар. Олардың тұқымы тек сәуір айында егіледі. Ерте ексе салқынға шыдамай үсіп кетеді. Ол өсімдіктер негізінен еліміздің оңтүстігінде өсіріледі. /Суреттерден көрсету/ Олар: мақта, асқабақ, күріш, жүгері, қияр, үрмебұршақ. Осы өсімдіктер - жылу сүйгіш өсімдіктер деп аталады.
Ал бидай, сұлы, арпа суыққа төзімді өсімдіктер. Оларды ерте көктемде себеді. Олар суыққа шыдап өсіп шығады, ылғалды сүйеді.
Көптеген өсімдіктер жарықты жақсы көреді, себебі жарық болмаса топырақта қоректік зат түзілмейді, өсімдік қурап қалады. Мұндай өсімдіктерге мақта, жүгері, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас жатады.

2) Сергіту сәті:
Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Күннің көзі болмаса,
Бұғып қана өсермін.

6. Алғашқы бекіту.
Жылу сүйгіш, жарық сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктердің аттарын жазып, дәптерлеріне суреттерін салғызу.

7. Шығармашылық жұмыс, әрі сабақты қорытындылау: «Өсімдіктер» тақырыбына кесте толтырып, асты сызылған өсімдіктер жайлы қысқаша мәлімет жазу.
Өсімдіктер ------- Ылғал сүйгіш -- Құрғақшылыққа төзімді -- Жылу сүйгіш -- Суыққа төзімді -- Жарық сүйгіш
Беде
Бақбақ
Қоңыраубас
Жантақ
Сүттіген
Мақта
Асқабақ
Күріш
Жүгері
Қияр
Бидай
Сұлы
Арпа
Жүгері
Жолжелкен
Өгейшөп
Мәліметті жазып үлгерген оқушылар оқып береді.

8. Үйге тапсырма: мәліметті аяқтау, тақырыпты оқып, баяндау, сұрақтар дайындау
9. Бағалау.
75 208
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш. Суыққа төзімді. Құрғақшылыққа төзімді. Жылу сүйгіш.
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрі кездеседі? Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? Ағаштар бүршікті қай мезгілде жарады немесе гүлдейді?
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Өсімдіктердің түрлері жайлы тақырыпты түсіндіру, өсімдіктер тіршілігі туралы мәліметтер беру; Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту;
Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер
Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Нусипбекова Гүлбахыт Шаяхметқызы
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: Ылғал сүйгіш су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсу ортасы жайлы түсінік беру.
Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×