Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз – жыл басы

02 маусым 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Мыңжанова Далухан

Наурыз – жыл басы

Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз халықтың ұлттық мейрамы екенін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағыналарын қарай оқушыларды адамгершілікке елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, киіз үй, бесік, қанатты сөздер, шарлар.

1. Ұйымдастыру.
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21 - 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Наурыздың 22 - сі мұсылман халқы үшін Жыл басы, күн мен түн теңелетін уақыт. Сондықтан да Наурыз Ұлыстың ұлы күні деп аталады. «Ұлыс» деген сөз мемлекет деген мағынаны білдіреді. Бұл табиғаттың жер беті бусанып, қар еріп, көктемнің шыға бастайтын уақыты. Көктемде мал төлдеп, қыстан қиеалып шыққан халықтың аузы аққа тиіп, бір жасап қалады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мейрам тойланатын болады. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Киіз үйдің керексіз заттарын тазартып, үйдегі ыдыстарды сүт, айран, бұлақ суымен толтырған. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Мереке сәлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдап амандасса, әйелдер құшақтасып амандасады. Сәлемдескенде «Жасың құтты болсын! Ұлыс береке берсін!» деп тілектер айтады. Күн шығып келе жатқанда «Армысың, Қайырымды Күн - АНА!» деп күнге басын иеді. Күнге тағзым еткен соң, ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақтарды тазартады. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген сөздер айтылады. Бұлақ қасына ағаштар отырғызады. «Бір тал кессең, он тал ек!» деген сөз осыдан қалса керек. Түсте бүкіл жұрт жеті түрлі тағамнан жасалған наурыз көже ішеді. Дастарханға ет тағамдары қойылады. Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады. Дастархан басында жастар үлкендерден бата алған. Кешке жақын жұрт жыр айтысқа жиналады. Жастар алтыбақан тебеді, ұлттық ойындар ойнайды, ән айтады би билейді. Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. Наурыз құтты болсын!

ІІ. Тақпақтар
1 - оқушы Гүлдана
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Ұлыс береке берсін,
Пәле - жала жерге енсін.
Наурыз мерекесі баршамызға құт – береке әкелсін!
2 - оқушы: Аяла
Наурыз келді теңіздей шаттығымен,
Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.
Құтты дәмі, береке байлығымен,
Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.
3 - оқушы Маржан
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы уа, Халайық!
4 - оқушы Ерасыл
Жүріңдер Наурыз тойыңа басып аяқ,
Қалыс адам қалмасын некен - саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
5 - оқушы Інжу
Наурыз қайта оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Кең дастархан, даламыз, сахнамыз,
Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз.
6 - оқушы Қыдырхан
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.

ІІІ. Шашу шашу.

Толық нұсқасын жүктеу
3 642
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Танатарова Разия Нурымовна
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×