Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мекен үстеу

13 маусым 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО Шымкент қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі:
Унгарбекова Бақыткүл

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу
Сабақтың мақсаты: Мекен үстеу туралы түсініктерін тиянақтау;
Ә) ауызекі байланыстырып, жүйелі сөйлеу тілдерін жетілдіру, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту;
Б) тиянақтылыққа, жинақылыққа, ұжымшылдыққа, таза, сауатты, ұқыпты, көркем жазуға үйрету;
Күтілетін нәтиже: Мекен үстеу туралы түсініктері кеңейеді, қалыптасады
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, іздену.
Cабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, слайдтар, суреттер

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылықты ояту
Берілген үстеу сөздерге сұрақ қояды, бірдей сұраққа жауап беретін сөз арқылы топқа бөлінеді, топбасшысын сайлайды, бағалау парақшалары таратылады
"Кеше, бұрын, ерте, таңертең, түнде, былтыр, кешқұрым, жоғарыда, төменде, тысқары, ілгері, әрі - бері, алыста, кейін, тез, ақырын, баяу, жаңаша, жылдам, зорға, жалма - жан "

Мағынаны тану
Іс - әрекеттің болған орнын, бағытын білдіріп ҚАЙДА? ҚАЙДАН? деген сұраққа жауап беретін үстеулерді мекен үстеуі дейміз. Мекен үстеулерге қайда? қайдан? деген сұрақтар қойылады. Ережені еске түсіреді
Топтастыру Үстеу туралы не білеміз?
Балалар үстеу туралы білетінін топтаса отырып жазып қорғайды

Үй тапсырмасын сұрау 3 - жаттығу 152 бет
Үстеулерге сұрақ қойып, үстеудің қандай түрі екенін айтады, қарсы мәндес сөздерді табады
Топтастыру әдісін қолдану
2 - жаттығу Әр топ өзінің топ өз сұрағына сәйкес жауап беретін сөздерді теріп жазады.

Толық нұсқасын жүктеу
8 410
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мекен үстеуі. Мен оқушымын.
Мекен үстеуі. Мен оқушымын.
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Үстеу. Мекен үстеуі
Үстеу. Мекен үстеуі
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Жанар Кайратовна
Үстеу туралы қайталау
Үстеу туралы қайталау
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М. Маметова атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна
Үстеу
Үстеу
Алматы қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева Зульфия Нопирбаевна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Маликова Айнұр Кеңесбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×