Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Торғай. Жүсіпбек Аймауытов

16 маусым 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО, Шымкент қаласы,
Бастауыш сынып мұғалімі:
Унгарбекова Бақыткүл

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Сабақтың мақсаты: Жүсіпбек Аймауытов жайлы хабар бере отырып, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге сұрақтарға толық жауап беруге, мазмұны мен идеясын толық ашуға көмек беру;
Дамытушылығы: шығармашылық ойлау есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып өз ойын қорытындылауға баулу, өз бетімен талдауға, зерттеуге шығармашылық жұмысқа мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мәні: мейірімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу оқушыларды өзара топтық жұмыс істеу арқылы ұжымдық еңбекке үйрету Оқушылардың табиғатты, қоршаған әлемді, көркем әдебиеттегі адам сезімдері арқылы түсінуге жағдай туғызу.
Әдісі: Тірек сөздер стратегиясы, СТО стратегиясы
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды топқа бөліп аламын Өрнек жазылған қағаздар таратылады, егер қай оқушылардың өрнегінің мәні бірдей болса бір топқа топтасады. Әр топ өз басшыларын сайлайды.
2. Топ ережесін құрып алу
3 Бағалау: әр топта топбасшы бағалауды басқарып отырады.
Әр тапсырмаға басқа түсті бағалау фигуралары беріліп отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1 - тапсырма Өлеңді жатқа айту. Өткен тақырыпта не білдік? Әр топтағы оқушылар өз постерлеріне жазып қорғап шығады. Ы. Алтынсарин туралы не білеміз?
Ақын өзенді қалай суреттеген? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айт)

Қызығушылықты ояту
2 - тапсырма Тірек сөз стратегиясы
Тақтаға берілген тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құрастыру
Торғай
Шырылдады
Үні өзгеше
Көмектестім
Тақтадан сурет көрсетіліп, сурет бойынша өз ойларын айтып әңгіме құрайды.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.
2. Суреттер топтамасын пайдаланып әңгіме құр.

Ү. Жаңа сабақ: Жүсіпбек Аймауытов жайлы слайд арқылы көрсету (қазақтың аса көрнекті жазушысы) (1889 - 1931) «Шернияз, Ақбілек, Жаман тымақ, психология және шығармалар жиынтығы кітаптарын жазған.

3 - тапсырма
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді топқа бөліп беру, әңгімелету. Әр топ өзіне берілген бөлігіне ат қояды. (Торғайдың шырылы. Сұр жыланның арбауы. Ақбілектің көмегі....)
1 - топ Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерін өз сөзіңмен мәтінге сүйеніп суретте.
2 - топ Жерге түскен торғайдың хәлі қандай?
3 - топ Сұр жыланның күш көрсеткен жерін, торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипатта.
Сергіту сәті: жұмбақ жасыру, өздері сол сияқты жұмбақ құрастыру (слайд)

4 - тапсырма
1 - топ: Бозторғай туралы,
2 - топ: жылан туралы іздену,
3 - топ: Венн диаграммасын пайдаланып сипаттау

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Онда не жайлы екен? Слайдпен көрсету. Ақбілектің орнында болғанда не істер едің? Осы сияқты оқиғаны басыңнан кешірген бе едің? Келешекте торғай жыланды көргенде не істейді деп ойлайсың? Мәтінді әрі қарай жалғастырып көр.
Кейіпкерге хат жазу айдары. Әр оқушы мәтіндегі кейіпкерге хат жазады

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, әңгімелеу, бозторғай мен жыланның тіршілігі туралы іздену.
Бағалау
3 907
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы
Шығарма кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, іс - әрекетері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, идеясын ашу.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат. 1 тоқсан 36 сағат Ұзақ мерзімдік жоспар
Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тлепова Салтан Жаманкуловна
Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, [/b] Бәйтерек ауылы, Әл - Фараби атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы
Жүсіпбек Аймауытов "Қараторғай"
Жүсіпбек Аймауытов "Қараторғай"
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанаева Болған Губайдуллақызы
Жүсіпбек Аймауытов «Құштарлық»
Жүсіпбек Аймауытов «Құштарлық»
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×