Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М дыбысы мен әрпі

09 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Әліппе
Пән мұғалімі: Жаназилова Айнагүл
Сабақтың тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: М дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың көрнектілігі: кеспе әріптер, мысық, моншақ, мата, мотоцикл суреттері, слайдтар мен флипчарттар, «Мата фабрикасы» туралы видео.
Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу
Пән - аралық байланыс: еңбекке баулу

Сабақтың барысы:
I. Сабақ әңгімеден бастау.
─ Марат деген баланың иті мен мысығы бар.
Бір күні мысық есік алдында отырса, ит оған жақындап келіп, былай дейді:
─ Әуп-әуп! Осы сен үйде не істейсің?
─ Мияу, мияуі Мен бе? Тышқан аулаймын.
─ Қалай аулайсың?
─Хе-хе-хе, сен қызық екенсің ғой. Тышқандар шиқ-шиқ етіп, індерінен шығып ойнай бастайды.
Мен болсам, ақырын, еппен, дыбысымды шығармай (баяу үнмен), бірақ секіріп (қатты дауыспен) бас
саламын.
- Мияу, мияу! Білдің бе, не істейтінімді? Мияу, мияу! Марат менімен дос. Ол екеуміз үнемі ойнаймыз. Кел, екеуміз де дос болайық.
- Мияу!
- Әуп-әуп! Жарайды.
Мараттың мысығы қандай дыбыс шығарады? - деп қойған сұраққа балалардың барлығы бірінен кейін бірі мияулап қоя береді.
Осы кезде мұғалім м дыбысының таңбасын көрсетіп, жаңа әріппен таныстырады. Ескеретін жағдай, ертегіні әңгімелеген кезде мұғалім м дыбысын созып, оқушылардың сол дыбысқа мән беруіне мүмкіндік туғызу қажет.
Оқулықтың 40-бетіндегі моншақ, мысық, мотоцикл сөздерімен алдыңғы сабақтағыдай жұмыстар ұйымдастырылады.
Баған түрінде берілген буындар мен сөздерді оқушылармен бірге жүргізіп оқу керек.

II. Жазу дәптерінің 37-бетіндегі м әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстырып, дауыссыз дыбыс екені анықталады.
Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары мұқият орындалады. Оқушыларға үлгіде көрсетілгендей м әрпі мен мал, мол деген сөздерді көркем етіп жазып шығу тапсырылады.
Сергіту сәтін өткізу.

III. Оқулықтың осы бетіндегі мазмұнды суретке қарап, әңгіме құрастырылады. Одан кейін берілген шағын мәтінмен түрлі оқу жұмыстары жүргізіледі. Талдау-жинақтау әдісі бойынша талданады.
─ Алғашқы сөйлемде неше сөз бар?
─ Мәтінде кім деген балалар бар?
─ Марат не алды?
─ Алмат не алды?

IV. Оқулықтың 41-бетіндегі суреттерге сүйене отырып, әңгіме жүргізіледі. «Көйлек қайдан келді?» деген сұраққа жауап беру үшін оқушылардың пікірі ортаға салынады.
«Мата фабрикасы» туралы видео ролигін көрсету.
─ Мата қалай жасалады екен?
- Мата фабрикасында жұмыс қалай жасалады?
- Маталарға өрнектер қалай салынады?
Мұғалімнің басшылығымен ортақ мазмұндағы әңгіме құралады. Әңгіме барысында оқушыларды еңбекке баулу, мамандардың еңбегін бағалау, оларды құрметтеу сезімдерін оятып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бағыттары көзделеді.
Әңгімені ауызша талдауға да болады.

Сергіту сәті:
Кәне, қанат қағайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық
Қайта отырып жазайық

V. Жазу дәптерінің 38-бетіндегі м дыбысының бас әрпін жазу
жұмысы жүргізіледі. Үлгі бойынша көркем жазу жаттығулары орындалады.
Мұғалім оқушыларға мата сөзіне дыбыстық талдау жасатып, сөзді көркем етіп көшіртеді. Осы сөзді пайдаланып, сөйлем ішінде жазуға үйренеді.

VI. Оқулықтың 41-бетіндегі баған түрінде берілген сөздерге дыбыстық, буындық талдаулар жасалып, олардың жазылуына назар аударылады. Ондағы кісі
аттарын дәптердегі бос жолдарға жазғызуға болады.
- Бүгін біз қандай әріппен таныстық?
Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
ҮІІ. Сабақты бекіту. Бағалау
11 915
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаз мезгілінің картотекасы
Жаз мезгілінің картотекасы
Ойға батып мысық Отыр көзін қысып Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу. Мысық сүтке тойды Көзін қысып қойды Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу.
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал - мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру, сауатты жазуға және оқуға дағдыландыру.
М дауыссыз дыбысы
М дауыссыз дыбысы
М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру, М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау, сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Әбен Феруза
Н дыбысы мен әрпі
Н дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сагинбаева Жанар Жайбергенқызы
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×