Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана (Әнгімелеу)

09 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мұғалімі: Жаназилова Айнагүл

Сауат ашу. Әліппеге дейінгі кезең
Сабақ тақырыбы: Астана (Әңгімелеу)

Сабақтың негізгі мақсаты: оқушыларға сауат ашудың мәнін ұғындыру. Мектеп, мұғалім, оқушы. сынып, парта, тақта, оқулық, оқу құралдары туралы әңгімелеу. Оқушыларды мектеп ережесімен. мектеп - ішілік тәртіппен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Астана туралы слайд, оқу құралдарының флипчарттағы суреттері
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау - жинақтау, сөздік, көрнекілік
Сабақ оқушының елін сүюге, өз елін мақтаныш етуге үйретуге құрылған. Ондағы басты мақсат - оқушының тілін дамыту, өз ойын айтуға үйрету, суретке қарап әңгімелеуге дағдыландыру, елжандылыққа тәрбиелеу. «Менің елім» тақырыбында ауызша әңгіме жүргізіледі. Әңгімені құруға оқушылар қатыстырылады.

I. Әліппемен таныстыру.
Әліппе оқулығы - сауат ашуға арналған оқу құралы. Әліппе оқулығының қосымшаларымен (№ 1, № 2, № 3 жазу дәптерлері. Әліппе серігі, дидактикалық құралдар т. б.) таныстырылады. Оқушылардың өздеріне арналған оқу құралдарын ұқыптап ұстауға машықтандыру жұмыстары ұйымдастырылады.
Әліппенің 3 - бетіндегі оқушыға арналған ақ тілек – алғы сөзді оқушыларға мәнерлеп оқып беріп, оның мәнін түсіндірген жөн.

«Менің Отаным - Қазақстан», тақырыбында оқушылармен әңгіме ұйымдастырып, олардың Отан туралы түсінігін кеңейту жұмыстары жүргізіледі.
«Қазақ елі», «Астана қаласы» еліміздің рәміздері оқушымен жүргізілетін әңгімеге тақырып бола алады.
Ел рәмізі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тыңдата отырып, бірге айтуға дағдыландыру.
Сабақтың мәнін ашып, мазмұнын толықтыру мақсатында аталған тақырыптарға сай өлеңдер оқып, «Әсем қалам - Астана», т. б. суреттер салуды ұйымдастыруға болады.
Тақырыпқа сай өлең - тақпақ таңдап, жаттату оқушының тілін дамытуға септігін тигізеді. Оқушыға бір шумақты өлең жаттату әліппе кезеңіндегі әр сабақтың міндетіне айналуы тиіс. Бұл баланың есте сақтау қабілетін дамыта түседі.

II. Дыбыс ұғымын түсіндіру және дауысты, дауыссыз дыбыстармен таныстыру мақсатында мынадай үлгі ертегі ұсынылады: «Ала бұзау» (К. Ә. Ерешева).
- Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көк орай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүреді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Қатты жел соқты. Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?
- Жел уілдейді: у - у - у - у - у …
- Қатты жел соқты. Желдің әсерінен ағаштың жапырағы шулайды. Кандай дыбыс естіледі?
Ш - ш - ш - ш - ш...
Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызыңдап мазасын алады. Маса қандай дыбыс шығарады?
- З - з - з - з - з...
- Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған даусын естиді. Ит қандай дыбыс шығарады?
р - р - р - р - р...
Ескендір айналасына қарады. Шөп арасынан басын көтеріп, Ақтөске қарай айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. Қалай?
С - с - с - с - с...
Жыланды көріп қорыққан Ескендір емен түбіне қарай шегінді.
Жоғарыдан ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Олар қандай дыбыс шығарып жатыр
екен?
Ж ж ж ж…
Ескендір ала бұзауын шақырайын деді. Қалай шақыруды есіне түсіре алмай қиналды. Бұзауды қалай шақырады?
Аухау - аухау, аухау - аухау.
- Жақын жерден бұзаудың мөңіреген дауысы естілді.
- Мө - мө - мө - мө - мө.
Сөйтіп, Ескендір бұзауын үйіне айдап барды.
Мұғалім мынадай сұрақтар қояды:
Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?
Желмен шайқалған ағаш жапырақтарының дыбысы қандай?
Маса қалай ызыңдайды?
Ит қалай ырылдайды?
Жылан қалай ысылдайды?
Ара қалай ыжылдайды?
Бұзау қалай мөңірейді?
Әрбір дыбысталудағы ерекшеліктерге талдау жасауда мұғалім оқушымен ақылдаса отырып, дыбыстарды ажырату, буынға бөлу дағдыларын игертеді.
Сергіту сәтін өткізу.
Кәне, қанат қағайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық
Қайта отырып жазайық!

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың шартты белгілерімен таныстырады.
Ертегі мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыстар сергіту сәтін қамтамасыз етеді.

III. Жазу дәптерінің 3 - бетіндегі түрлі сызықтармен жазу жұмысы басталады. Мұнда мұғалім оқушылардың қаламды дұрыс ұстауын, партада санитарлық талапқа сай отыруын, дәптерді парта бетіне орналастыруын қадағалап, олардың көркем жазуды бастауына жақсы тілегін білдіреді.

IV. Оқулықтың 4 - бетіндегі сурет бойынша мұғалім оқушылармен
әңгімелеседі. Әңгіме мектепке келіп жатқан оқушылардың мақсат - мүддесі бағытында құрылады. Сурет әңгімеге тірек қызметін атқарады.
Сондықтан әр оқушының суретке негізделген әңгімесі құрылуы тиіс.
Сондай - ақ әңгіме құруға алғашқы сабақтан - ақ барлық бала толық қатыстырылғаны абзал.
Сабақты қорыту оқушылардың игерген білім, білік және дағдыларын дамытуға, қалыптастыруға қатысты сұрақ - жауап әдісімен аяқталады.
Қосымша
8 966
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата - ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпі
Жалпы мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін, баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріпін таныстыру. Оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру;
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×